Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1979 0 пікір 19 Қаңтар, 2011 сағат 05:15

«Қазақтелеком» 1-ші ақпаннан бастап жеке тұлғалар үшін телефон абоненттік төлемақысын 20% көтереді

Алматы. 19 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазақтелеком» АҚ 1-ші ақпаннан бастап жеке тұлғалар үшін ай сайынғы телефон абоненттік төлемақысын 20% көтереді, деп компания хабарында айтылады.

«ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің байланыс және ақпараттандыру комитетінің 2011-ші жылғы 14-ші қаңтардағы №3-ші «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы» бұйрығын орындау үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне жаңа тарифтер енгізіледі. Бұйрық телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерін теңестірудің кезекті кезеңі аясында шығарылды», - делінген ақпараттық баянда.

Құжатқа сай, 1-ші ақпаннан бастап 256 Кбит/с жылдамдықтағы интернетке ұжымдық қосылу тарифін 52,38% -ға төмендетіп,  Т4,2-ден (ҚҚС-сыз) Т2-ге (ҚҚС-сыз) дейін түсіру көзделуде.

Сондай-ақ бір негізгі/жұпталған телефон үшін ай сайынғы абоненттік төлемақы көтеріледі.

Қалалық және ауылдық жерлерде тұратын жеке тұлғалар үшін ай сайынғы абоненттік төлемақы 20%-ға көтеріледі.

Мысалы, қалада жергілікті телефон қосылымдарына уақтымен төлеу жүйесіне ауыстырылмаған бір негізгі телефонның ай сайынғы абоненттік төлемақысы Т520-дан (ҚҚС-сыз) Т624-ке (ҚҚС-сыз), ауылда –  Т345,25-тен (ҚҚС-сыз) Т414,30-ға (ҚҚС-сыз) көтеріледі. Жеке қызмет көрсетумен айналысатын нотариустар, адвокаттар мен жеке кәсіпкерлер үшін ай сайынғы абоненттік төлемақы 15,81%-ға өседі.

Мысалы, жергілікті телефон қосылымдарына уақтымен төлеу жүйесіне ауыстырылмаған бір негізгі телефонның ай сайынғы абоненттік төлемақысы Т644,7-ден (ҚҚС-сыз) Т746,61-ге (ҚҚС-сыз) көтеріледі.

Бұл ретте келесідей телекоммуникациялық әмбебап қызмет тарифтері өзгермейді: ай сайынғы абоненттік төлемақы – заңды тұлғаларға, пайдаланушылардың барлық топтары үшін халықаралық (аймақішіндегі) телефон қосылымдарына,  жергілікті телефон қосылымдарына уақтымен төлеу жүйесіне ауыстырылған жағдайда пайдаланушылардың барлық топтары үшін өзгермейді.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның белді байланыс операторы болып табылады. Компанияның негізгі акционері:  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры - 51%, Bodam B.V. – 16,87%, Deran Services Limited - 9,61%.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522