Өзбекстан мен Тәжікстан шекараны жарылғыштан тазартады
Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтері 2019 жылдың аяғына дейін шекараны жарылғыштардан тазартуға келісті.
Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы достықты нығайту туралы келісімде шекараны жарылғыштардан тазарту жайы қамтылған.
Өзбекстанның Тәжікстанмен шекарасындағы таулы аймақтарға жарылғыш орнату 1999 жылы басталған. Сол кезде "Өзбекстанның ислам қозғалысы" содырлары Тәжікстаннан тау сілемдері арқылы Өзбекстанның Сұрхандария облысына өтуге талпынған.
Тәжікстанның жарылғыш мәселелері жөніндегі ұлттық орталығының мәліметтеріне қарағанда, 1999-2011 жылдары өзбек-тәжік шекаралас аудандарында 160-тан астам адам жараланып, 76 адам опат болды. Ресми мәлімет бойынша, өзбек-тәжік шекарасындағы жарылғыштардан 15 бала және бес әйел қаза тапқан.
Abai.kz