Сенбі, 23 Қараша 2024
3512 3 пікір 13 Наурыз, 2018 сағат 08:43

Мария Захарова британ парламентінің отырысын "цирк шоуы" деп атады

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің мәлімдемесіне жауап қатты, деп хабарлады РИА "Новости".

"Бұл британ парламентіндегі цирк шоуы. Айтпаса да түсінікті: арандату мақсатында жасалған кезекті ақпараттық-саяси науқан", — деді Захарова.

СІМ өкілінің мәлімдеуінше, Британияда бұған дейінгі Литвиненко, Березовский, Перепиличний және басқаларының істері қалай аяқталғаны айтылуы керек.

12 наурызда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Бас барлау басқармасының бұрынғы полковникі Сергей Скрипальді жүйке талмасын тудыратын затпен улағанын, әскери мақсаттағы бұл заттың Ресей зертханасында дайындалғанын мәлімдеген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407