Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2142 0 пікір 20 Қаңтар, 2011 сағат 04:19

Қазақстанның солтүстік-шығысында аяз сақталады – ТЖМ

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның қиыр солтүстігі мен шығысы бейсенбі күні бұрынғысынша антициклон ықпалында бола береді. Сондықтан мұнда аязды, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар республиканың батысынан циклон ақырындап Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының батысына ығысады деп күтілуде. Циклон мұнда бұрқасындатқан қар әкеліп, жел күшейеді, деп хабарлайды ТЖМ.

Болжам бойынша Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрып, Маңғыстау облысында көктайғақтанады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысында күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, сырма жүреді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында – кей жерлерінде тұман түсіп, Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады.

Жақын күндері республиканың өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі одан ары жалғасып, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз тоспалар пайда болып, су деңгейі көтеріліп, арнасынан асып, тасуы мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498