Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3690 6 пікір 19 Наурыз, 2018 сағат 08:49

"Тахаллақу биахлақиллаһ" ұстанымы

Ислам сопылық танымында "Тахаллақу биахлақиллаһ" ұстанымы бар. Яғни Адамның Аллаға, Оның сипаттарына ұқсауға ұмтылуы. Адам Алланың сипаттарын тануы оның діни танымдық тұжырымынан көрінеді. Мысалы сопылар Алланың "Жамал, яки Дидарына" ғашық болады.

Кезінде Абайдай қазақ данасы осы ұстанымды басты тұғыр етіп, енді бұдан былай қазақтар, ел болу үшін Алланың "сунғатына" ғашық болуды үндеген. "Болмасаң да ұқсап бақ!" Негізі бұл Абайдың Аллатану ұстанымы туралы айтқан ойы. Ой әрине терең, Құранда айтылғандай Алланың сипатына ұқсау, Матуриди ақидасына сай, Иасауи мәдениетінің діни тәжірибесіне негізделген.

Адам ұқсаса дұрыс, ал мемлекет ұқсаса ол Шіркеуге айналады. Сондықтан бұл ұстанымды саясатқа қолдануға болмайды. Саясатқа қолдансаң "болу мен көріну" сияқты театрландырылған сахнадан құтыла алмайсың (Мысалы өтірік сайлау сияқты).

Ол дегенің мемлекеттің киелілік сипатына жасалған ең сорақы "қиянат".

Ол мемлекет пен қоғамдық институт арасындағы сатқындық. Мемлекеттің қолымен жасалған өзінің құрушы тұғырын, отырған бұтағын балталауы. Бұл демократия, ел сенімі, мемлекет пен қоғам бірлігі, елдік ұлттық мүдде үндестігі сияқты асыл құндылықтардың құнсыздануын дағдыға айналдыратын кешегі үдерістің жалғасы...Үдеріс жалғаса береді, себебі онда заман қысымы бар...

Ал қазақ сол заман талабына сай осы үдеріске өз "ұйытқысын/ компонентін" араластырмаса, өзі де мына заманға бөтен болып қалады.

Досай Кенжетай

Facebook-тегі парақшасынан

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406