Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Ел іші... 4261 7 пікір 19 Наурыз, 2018 сағат 11:59

Информатика пәні 1-сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

Информатика пәнін 1-сыныптан бастап оқыту мүмкіндігі зерттеліп жатыр. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік білім мен ғылымды цифрландыру бойынша үш бағытта жұмыс жасап жатыр. Біріншісі - ол орта білім жүйесінде ақпараттандыруды дамытуға негізделген. Екіншісі - білім беру мен ғылымды басқару процестерін автоматтандыру, ал үшіншісі - ІТ мамандарды даярлау. Бірінші бағыт бойынша ЭЫДҰ елдерінде көбінесе бағдарламалар 1-сыныптан басталады. Бізде информатика пәні мектепте 5-сыныптан басталып оқытылған, енді биыл 3-сыныптан басталады. Сонымен қатар, информатиканы оқытуда 1-сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір жоба жасалып, қоғамда талқыланатын болады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 3 мыңнан астам мектеп пен оқушылар сарайында робот техникасы бойынша элективтік курс енгізілді.

«Бірақ бізге робот техникасын барлық мектептерге дейін жеткізу керек. Бүгінгі міндет - ол аталған робот техникасы кабинеттерін құралдармен жабдықтау. Өткен жылдар ішінде 5 400 педагог, оның ішінде 730-ы робот техникасы бойынша біліктілік курстарынан өтті. 2018 жылы тағы 2 500 мұғалім оқытамыз, соның ішінде аталған бағыт та қамтылады», - деді Е. Сағадиев.

Abai.kz

7 пікір