Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2729 0 пікір 21 Қаңтар, 2011 сағат 08:12

Нұра Матай. Қабірлерді қиратып кетіпті

Айдың, күннің аманында Атырауда екі бірдей мұсылман зиратындағы бейіттерді белгісіз біреулер қиратып кеткен. Құдайдан қорқу сезімінен ада қағынған топ бейіттердің кірпіштерін құлатып, қайтқан адамның аты-жөні, суреті бейнеленген құлыптастарды қиратып тастаған. Тіпті, екінші қабірстанда 16 бейттің астан-кестенін шығарған. Елдің жағасын ұстатқан бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болып отыр. Бұл туралы зона.кз. сайтының блогына Атыраудағы адам шошырлық жағдай туралы хабар жазғандар азаматтар жеткізіп отыр.

Алайда, асқан қатыгез бұзақылықтың артында діни секталар: вахабиттер мен салафилер тұр. Өйткені, олар қазақтың о дүниелік болған адамды жерлеу салтына қарсы деген сөз ел ішінде гулеп тұрғаны байқалады.

Дегенмен, Атырау облысының бас имамы   Нұрбек-қажы Есмағамбет қабірлерді қиратқандарды нақпа-нақ тапқанша, жұртшылықтың қандай да бір болжамдарға бой алдырмауларын өтініп отыр.

Егер елдің күдігі шынға айналып, бұл қылмыстық істің артында діни секталар тұрғаны анықталса, онда ел үкіметі, құрылымдық күштер елдегі діни жағдайды қатаң бақылауға алуы тиіс екенін айдан анық.

Оқиғаға суреттер куәлік етеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2676
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 760