Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2218 0 пікір 21 Қаңтар, 2011 сағат 10:45

Қазақстандағы өздігінен кәсіппен айналысатын 2,7 млн адамның ішінде 60% әйелдер

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Елена Преображенская. Қазақстандағы өздігінен кәсіппен айналысатын 2,7 млн адамның ішінде 60% әйелдер, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова.

«Өздігінен кәсіппен айналысатындар жайында жақсы жұмыс жүргізілген (статистика деректерін жинау бойынша – ҚазТАГ), өздігінен кәсіппен айналысатындар кім, олардың саны қанша деген тәрізді категориялар бойынша жақсы мониторинг жасалған. Республикадағы өздігінен кәсіппен айналысатындар саны 2,7 млн адам. Оның ішінде әйелдер шамамен 60%», -деді Г.Әбдіхалықова Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының жұма күні өткен республикалық конференциясы барысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік өздігінен кәсіппен айналысатын тұрғындардың проблемалары туралы ұсыныстарды әзірлеуде.

Мысалы, ҚазТАГ-тың дерек көздері бойынша, биылғы жылдың ақпан айында үкімет өздігінен кәсіппен айналысатын аяғы ауыр әйелдерді әлеуметтік қолдау туралы шешім қабылдауды жоспарлауда. Баланың дүниеге келуіне байланысты жәрдемақыны тек жұмыс істейтін ғана емес, сонымен бірге өздігінен кәсіппен айналысатын аяғы ауыр әйелдер де алады деп жоспарлануда.

Г.Әбдіхалықова бұл деректерді растаған да, жоққа шығарған да жоқ. Тек бұл ақпарат ақпан айының басында, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтетін министрліктің алқа мәжілісінде ғана белгілі болады деді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың соңында президент үкіметке өздігінен кәсіппен айналысатын халықтың проблемасын шешуді тапсырған.

Өз кезегінде, К.Мәсімов сенат депутаттарына мемлекет басшысының бұл тапсырмасын үкімет отырыстарының бірінде талқылайтынын айтқан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435