Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2250 0 пікір 22 Қаңтар, 2011 сағат 04:44

Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады – Қазгидромет

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның басым аумағына циклон ықпал етіп, сонымен байланысты тұтас атмосфералық ағым кей жерлерінде қар жаудырып, бұрақсындатып, желді күшейтеді. Қазақстанның шығысы бұрынғысынша антициклон ықпалында болып, мұнда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады, деп «Қазгиромет» РМК хабарлайды.

Астанада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 9-14 м/с жел тұрып, екпіні 18 м/с-қа дейін барады, ауа температурасы -7-9°С болады.

Алматыда да ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с самал соғып, ауа температурасы күндіз +2+4°С шамасында болады.

Метеоқызметтің болжамы бойынша республиканың солтүстігінің барлық аумағында қар жауады. Ақмола облысында қар жауып, кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -7-12 градус, Қостанай облысында қар жауып, бұрқасындатып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -15-20 градус, Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -17-22 градус, Павлодар облысында қар, ауа температурасы -20-25 градус.

Қазақстанның батысында жауын-шашын күтілмейді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз, ауа температурасы -10-15 градус, Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -3-8 градус, Ақтөбе облысында да жауын-шашынсыз, ауа температурасы -15-20 гардус болады.

Қарағанды облысында қар жауады, кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерінде тұман түсіп, ауа температурасы -5-10 градус болады, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, ауа температурасы -10-15 градус болады деп күтілуде.

Алматы облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында 18-23 м/с жел сақталады, екпіні 28 м/с болып, ауа температурасы 0+5 градус, Жамбыл облысында қар жауып, кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы +1+6 градус, Оңтүстік Қазақстан облысында да қар жауып, тұман түсіп, көктайғақтанып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -1+4 градус, Қызылорда облысында кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатып, көктайғақтанып, ауа температурасы -3-8 градус болады деп күтілуде.

Жақын күндері Қазақстан өзендерінде (Орал, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы режим сақталады, мұз қалыңдауы одан ары жалғасады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз тоспалар пайда болуынан су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сырдарияда Шардара су қоймасынан ағызылатын су көлемінің реттелуінен Көктөбе ауылының маңында су деңгейі құбылып тұрады деп күтілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443