Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2737 0 пікір 22 Қаңтар, 2011 сағат 09:10

«АрселорМиттал Теміртау» Қарағанды облысында әлеуметтік жобаларды іске асыруға Т1,7 млрд-тан астам қаржы бағыттайды

Қарағанды. 22 қаңтар. ҚазТАГ – «АрселорМиттал Теміртау» Қарағанды облысының әкімдігімен жасалған меморандум аясында аймақтағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға Т1,7 млрд-тан астам қаражат бөледі. Бұл туралы жұма күні кешкісін облыс әкімдігінде меморандумға қол қою рәсімінде мәлім етілді.

«Бұл өте маңызды құжат. Меморандумдар – бұл ең алдымен аймақтың инфрақұрылымын дамытуға қажет қосымша қаражат тарту тетігі. Біз бүгін «АрселорМиттал Теміртаумен» қол қойып отырған меморандумның жалпы сомасы Т1,7 млрд. Бұл қаражаттар Теміртау, Шахтинск, Абай, Сараң және Қаражал қалаларындағы бірқатар әлеуметтік жобаларға бағытталады», - деді облыс әкімі Серік Ахметов. Аймақ басшысы компанияға көрсетіп отырған қоладуы үшін алғысын білдірді.

Оның мәліметтерінше, Қаражал кеніштерінде минералдық-шикізат базасын дамыту бойынша үлкен жоспары бар «АрселорМиттал Теміртау», осы аймақты қолдап 2011-ші жылы Т100 млн бөледі. «Бұл қаражат Ащылыдан үш су алу ұңғыларын бұрғылауға бағытталады. Сондай-ақ үш сорғыш станса, су құбыры және канализациялық желілер жөнделіп, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына жаңа техника сатып алынады. Қаланы абаттандыру шаралары қарастырылған», - деп мәлімдеді С. Ахметов.

Меморандумға сай, «Арселор Миттал Теміртау» бұрынғыдай Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, футболшылар мен олимпиадалық спортшыларға көмегін жалғастыра береді. Одан басқа, шетелдік оқу орындарында оқитын қарағандылық студенттерге грант бөліну жалғасатын болады.

«Былтырғы меморандум міндеттерін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы толығымен орындады. 2010-шы жылы компания қаражатына облыста 20 әлеуметтік жоба Т1,6 млрд сомаға іске асырылды», - деп атап өтті әкім.

«Біз өзіміздің кәсіпорындар орналасқан үш өңір тұғындарының алдында жауапкершілігіміз бар, - деді меморандумға қол қою рәсімінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры доктор Франк Паннир. – Біз облыс әкімдігімен соңғы төрт жылда жасап отырған меморандум жақсы дәстүрге айналды. Ол қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді». Компания алда да аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға қатыса береді, деп сендірді компания басшысы.

«4 жылда компания аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға Т6 млрд салды», - деп атап өтті Ф. Паннир.

«АрселорМиттал Теміртау» трансұлттық ArcelorMittalкомпаниясының Қазақстандағы бөлімшесі. Еліміздің тау-металлургиялық секторының аса ірі кәсіпорны. Кәсіпорын өзінің көмір кеніші, термір кені және қуат базасы бар интегралданған тау-металлургиялық кешен болып табылады. «АрселорМиттал Теміртау» құрамында Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат, Қарағанды облысында 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында темір өндіретін 4 кеніші бар. Компанияда 40 мыңдай адам жұмыс істейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443