Жұма, 22 Қараша 2024
4777 0 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 08:56

АҚШ-тың сауда комиссиясы Facebook-ке қатысты тергеу бастады

epa05180318 Facebook CEO Mark Zuckerberg speaks at the Facebook Innovation Hub in Berlin, Germany, 25 February 2016. Zuckerberg presented studies on Artificial Intelligence inter alia. Mark Zuckerberg, founder and chief executive of the social networking giant Facebook, has arrived in Berlin for two days of talks as Germany debates how to tackle online xenophobia and hate speech amid an influx of refugees. Facebook agreed in December 2015 to abide by German laws on hate speech on their sites in Germany, responding to complaints by the government that they are too slow to take down xenophobic abuse posted online. EPA/KAY NIETFELD

АҚШ федералдық сауда комиссиясы әлеуметтік желі қолданушыларының жеке мәліметтері тарап кеткені туралы ақпараттан соң, Facebook-те тергеу жүргізе бастады. Бұл туралы аталған мекеменің сайтында хабарланды.

Комиссия әлеуметтік желі басшылығы қолданушылардың жеке мәліметтерін қалай сақтап отырғанын тексереді.

Биыл наурыз айының басында журналистер британиялық Cambridge Analytica сараптама компаниясын Facebook қолданушыларының жеке мәліметтерін Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде пайдаланғаны үшін сынаған. Channel 1 телеарнасының зерттеуі бойынша, сараптама компаниясы әлем бойынша 200-ге жуық сайлау науқанына қатысқан. Олардың арасында Нигерия, Кения, Чехия, Үндістан және Аргентина бар. Зерттеуде компания үміткерлер туралы жалған мәлімет таратумен де айналысқан делінеді.

Facebook-тің негізін қалаушы әрі басшысы Марк Цукерберг Cambridge Analytica сарапта компаниясының жеке мәліметтерді заңсыз алуы туралы мәлімдеме таратты. Ол өзінің компаниясы қолданушылардың мәліметі үшін жауапты екенін мойындаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5271