Дархан Бейсенбекұлы. Жұрт іздеген эликсир Жетісайда жасала ма?
Адам баласын генетикалық тұрғыдан ұзақ өмір сүруге бейімдеу, соның жолдарын табу - бүгінгі ғылымның бас ауыртып отырған мәселесі. Біреулері дәстүрлі медицинасына жүгінсе, енді біреулері адамзат баласының ортақ құндылығы болып қалыптасқан технологиялық құдіретке иек артқысы келеді. Барлығының іздегені де, көксегені де бір нәрсе: қартайтпайтын һәм өлтірмейтін әбілхаят суын (эликсир) ойлап табу.
Қорқыттың көрінен қашу
Қартайтпайтын құдірет ойлап табу - адамзат баласы тарихында тым ертеден басталған. Өздерінің ғаламдағы ең әлсіз жаратылыс егесі екенін сезінгеннен бастап пәнидегі пенделер қартайтпайтын, өлтірмейтін күш ойлап табуға жанталасты. Пәлсапашылар пайымында бұл ғаламат Құдайдың тамағы деп аталды. Ежелгі Грек құдайлары амброзию жесе, үнді, иран, египет құдайлары амирту, хаомамен «ғұмырларын» ұзартып, «өлтірмейтін су» ішіпті-мыс. Олардың барлығы да уақыты жетіп, бақиға аттанып кете барса да эликсир жайлы түсінік, аңсар-арман сол күйінде адам санасында қалып қойды.
Адам баласын генетикалық тұрғыдан ұзақ өмір сүруге бейімдеу, соның жолдарын табу - бүгінгі ғылымның бас ауыртып отырған мәселесі. Біреулері дәстүрлі медицинасына жүгінсе, енді біреулері адамзат баласының ортақ құндылығы болып қалыптасқан технологиялық құдіретке иек артқысы келеді. Барлығының іздегені де, көксегені де бір нәрсе: қартайтпайтын һәм өлтірмейтін әбілхаят суын (эликсир) ойлап табу.
Қорқыттың көрінен қашу
Қартайтпайтын құдірет ойлап табу - адамзат баласы тарихында тым ертеден басталған. Өздерінің ғаламдағы ең әлсіз жаратылыс егесі екенін сезінгеннен бастап пәнидегі пенделер қартайтпайтын, өлтірмейтін күш ойлап табуға жанталасты. Пәлсапашылар пайымында бұл ғаламат Құдайдың тамағы деп аталды. Ежелгі Грек құдайлары амброзию жесе, үнді, иран, египет құдайлары амирту, хаомамен «ғұмырларын» ұзартып, «өлтірмейтін су» ішіпті-мыс. Олардың барлығы да уақыты жетіп, бақиға аттанып кете барса да эликсир жайлы түсінік, аңсар-арман сол күйінде адам санасында қалып қойды.
Өз тарихымызда Қорқыт бабамыздың өлімнен қашып, мәңгілік жарқын өмір іздеуі де - ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтар санасына сіңіп қалған қартпайтпайтын құдірет туралы аңыз-әфсананың жемісі болса керек-ті. Өзекті жанға бір өлім барын мойындағысы келмеген, әлде ұзақ ғұмыр сүруден әлі де үмітті алхимиктер осы бір құдіретті ойлап табу жолында тер төгіп, миллиардтаған ақшаны жұмсап келеді.
Уақыт жылжып, керуен көші ұзарған сайын эликсир жайлы арман ақиқатқа айналып, оны дайындаудың әр елде өзіндік ерекшеліктері қалыптасты. Адамды мәңгі жас қалпында сақтап қалмаса да белгілі бір мөлшерде оның генетикалық қартаймауын қамтамасыз ететін препараттар ойлап табылды. Әу баста сарымсақты езіп, біреше жыл сақтап ішіп көрген адамдар, одан кейін түрлі сусынға алтын, алмас, рубин, топаз сынды құнды металдар мен еліктің жүрегін, алоэ гүлін араластырып, тұндырып ішті. Касси ағашының суынан «мәңгілік өмір» кілтін іздеді. Аяғы ауыр әйелге түсік тастату арқылы шарананың суын ішті. Және де бұл әрекеттері нәтижесіз болған жоқ, осы тәсілді қолданған жандардың алды 186 жасқа дейін өзінен тараған үрім-бұтақтың басынан сипап отырды.
Эликсир элегиясы
Эликсир жайлы әңгіме өрби қалса ел аузынан ең әуелі оны дайындаудың қорқынышты түрі айтылады. Бұны түрлі интернет сайттары да толықтырады. Бейресми деректерге жүгінсек әлемде соңғы эликсир жаңа туған сәбидің жілік майынан немесе жұлынынан алынған сарысудан жасалады екен. Жаратылысының өзі құпия препарат болғандықтан бұл құдірет жайлы ақпараттар бұқарадан жасырын сақталады.
Соңғы кездері жастықты мәңгі сақтап тұратын, қартайтпайтын эликсир элегиясы Қазақстанды да кезіп жүрген сыңайлы. Расыменен бұл дәріні жасау елімізде қолға алынған ба? Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында сәбилер неге айдың-күннің аманында елден ерек, жұрттан жырақ аяқтарына ағаш балдақ (шина) киеді? Сол жердегі жергілікті жұрттың күмәнді ойы шындыққа жанаса ма?
Батыр Болатұлы, Мақтаарал ауданының тұрғыны:
- Неге екені белгісіз, біздерде көбіне кішкене қыз балалардың аяғына шина кигізіледі. Көбіне ұршығы жетілмеген деп айтады. Және оның бір түрі бар жастық тәрізді (подушка). Ал неге осы Жетісай өңірінде дүниеге келген балалардың ғана бұндай шина киетінін өз басым түсіне алмаймын. Елдер шақалақ жаңа туылған кезде аяғынан немесе жұлынынан сарысу алады екен, қартайтпайтын дәрі жасау үшін деп жатады. Соның салдары дейді. Өз басым оның қаншалықты рас-өтірігін білмеймін. Менің қызым да жастық тәрізді шина киді аяғына. Бірақ босанғанда жеңгелерім жанында тұрған, ондай ештеңесін байқамадық дейді.
Міне, оңтүстік өңірдегі жұрт ашық айтпаса да жасырын бір препараттың жасалатындығын сезетіндей. Демек, интернет сайттарында жүрген эликсир рецептінің шындыққа жақындау болғаны ғой?! Осы мәселенің мәнісін білмек болып Мақтаарал аудандық ауруханасының бас дәрігері Бағила Өтеулиева ханымға хабарласқанымызда бұл сауалға жауап беруден бірден бас тартты. Бұны тек осы саланың маманы айта алады деп аудандық емхананың бас дәрігері Болат Ақылбековке бағыт сілтеді. Болат Жұматұлына телефон шалғанымызда, бір қызығы сол емхананың бас травматологы кабинетінде отыр екен. Телефон тұтқасы автоматты түрде бас травматологқа сырғып, біздің сауалға осы саланың нақ маманы былай деп жауап қайырды.
Ағман Сабырханов, Мақтаарал өңірі Асықата №1 аудандық ауруханасының бас травматологы:
- Бұл - туабітті ауру. Жамбас жіліктің басының шығып тұруы болады нәрестелерде. Сондықтан да оған шина қойылады. Ортан жіліктің басына шина қоймаса ол ертеңгі күні шығып кетуі мүмкін. Рас, бұл ауру түрі көбіне қыз балаларда кездеседі. Бұның шығу себебі толық анықталған жоқ. Көбіне экологиямен, баланың ата-анасының алкогольді ішімдіктерді көптеп пайдалануымен байланыстырады. Және де оның шығу салдарын зерттеп жатқан да ешкім жоқ. Бұл аурудың біздің жаққа ғана тән екені рас.
Егер де аталмыш аурудың шығу себебін экологиялық ахуалдан іздесек, онда Семей, Өскемен өңірінде неге жоқ бұл кесел? Алкогольді ішімдіктен болса, онда әлемде арақ «ішуден» сегізінші орында тұрған еліміздің болашағын бүгіннен бағамдай беріңіз. Себебін аудандағы бас травматологтың өзі білмей отырған бұл аурудың еліміздің ең шеткі бір өңірінде ғана бой көрсетуі бізді күмәнді күпір ойларға жетелейді. Әрине, құдай бетін әрі қылсын, жамандық шақырудан аулақпыз. Бірақ та «бүркеген жерге бүрге өш» екені белгілі, сондықтан да ақпарттық ашықтықты қамтамасыз етпей, ел көңіліндегі күмәнді сейілту әсте мүмкін емес секілді.
«Абай-ақпарат»