КК Ата заңға референдум арқылы Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту туралы түзетулердің конституцияға сәйкестігін қарайды
Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Ирина Нос. Конституциялық кеңес (КК) дүйсенбі күні ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың парламенттің Ата заңға қабылдаған өзгертулердің қолданыстағы Конституцияға сәйкестігі туралы өтінішін қарайды, бұл өзгертулерге сәйкес, мемлекет басшысының өкілеттіктері референдум арқылы ұзартылады, деп хабарлайды КК баспасөз қызметі.
«Конституциялық кеңестің отырысы сағат 10-да басталды. Онда 14 қаңтарда парламент қабылдап, президентке қол қоюға ұсынған «Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның ҚР Конституциясына сәйкестігін қарау туралы мемлекет басшысының өтініші талқыланады», - деп мәлім етті КК баспасөз қызметінің қызметкері.
Ол бұл мәселе бойынша ақырғы шешім қашан жария етілетінін хабарлаған жоқ. Оның мәліметінше, дүйсенбі күні бұл мәселені КК мүшелері президент әкімшілігінің өкілдерінің қатысуымен талқылайды. Осыдан кейін КК мүшелері шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Еске сала кетейік, 17 қаңтарда парламент қабылдаған ҚР Конституциясының 42 бабының 5 тармағына КК ҚР тұңғыш президенті – ұлт лидері Н. Назарбаевтың президенттік өкілеттіктерін республикалық референдумда ұзарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулердің Конституцияға сәйкестігі туралы президенттің өтінішін өндіріске қабылдаған болатын.
Н. Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы мәселе бойынша референдум өткізу ұсынысын 2010 жылдың желтоқсан айында бастамашыл топ жасап, кейін бұл бастаманы қолдап 5 млн 16 мың қол жинаған, бұл республикалық референдумға қатысу құқығына ие азаматтардың жалпы санының 55,2% құрайды. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) азаматтардың референдум туралы ұсынысын қолдарымен бірге бекітіп, президент Н. Назарбаевқа жолдады.
Конституциялық заңның 17 бабына сәйкес, республикалық референдум белгілеу туралы бастама бойынша шешімді Қазақстан президенті қабылдайды. Сонымен бірге, президент бұл ұсынысты қабылдамауы да мүмкін.
6 қаңтарда парламент президентке осындай референдум өткізу туралы өтініш жасады. Алайда мемлекет басшысы оны қабылдамай тастады.
14 қаңтарда парламент Конституцияға референдум арқылы президенттің өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігі туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңды бірауыздан қабылдаған болатын.
Н.Назарбаев парламент қабылдаған Коснтитуцияға өзгертулерді қабылдамас немесе кері қайтармас бұрын олардың Ата заңға сәйкестігін тексеру үшін КК-ге сараптамаға жіберді.
Н.Назарбаев референдум бойынша шешім мемлекет пен халықтың мүддесі үшін қабылданатынын айтқан болатын.
Оның пікірінше, референдум өткізу – Қазақстан халқының еркіне байланысты мәселе. Бұл туралы Н.Назарбаев 20 қаңтарда Ақ ордада қазақстандық қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен жалпықоғамдық бастаманы қарау бойынша кеңесте мәлімдеген болатын.
«Жалпыұлттық бастаманы партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, қазақстандықтар қолдап отыр. Халықтың еркін елемейтін мемлекет қайраткері жоқ шығар. Бірақ мен үшін бұл мәселе мемлекеттік позиция тұрғысынан аса маңызды. Сондықтан мен мұқият салмақтап, халық пен мемлекеттің мүдделерін ескеріп, ел халқы үшін қажет шешім қабылдаймын», - деді Н. Назарбаев.
«Бұл бастаманы жалпы халық қолдап, бес миллионнан аса қол жиналғанын білгенде, бойымда мақтаныш сезімі пайда болды», - деді президент кеңесте.