Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
5171 0 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 09:48

Қарағандыда шахтада жарақаттанғандар өтемақы өсіруді талап етеді

Қарағандыда шахталарда жұмыс істеп, жарақат алған бұрынғы шахтерлар өтемақыларын өсіруді талап етті. Олар "Қорғау" кәсіподағына көмек сұрап өтініш жасаған.

"Қорғау" кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов "желтоқсандағы кеншілер ереуілінен кейін шахтерлардың айлығын өсірді. Осыдан соң өндірісте жарақат алған шахтерлар да өздеріне берілетін өтемақыны көтеруді талап етеді" дейді.

Кәсіподақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдаған. Алда осы мәселеге қатысты депутаттармен де кездесу өткізбек.

Қазір Қарағанды облысында АМТ шахталарында жұмыс істеп, жарақат алған үш мыңға жуық адам бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2466
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 664
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639