Жұма, 22 Қараша 2024
4494 0 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 09:49

Ресей батыс дипломаттарын "елден шығармақ"

29 наурызда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Кремль Санкт-Петербургтегі АҚШ консулдығын жабатынын мәлімдеді.

Лавровтың айтуынша, Ресей дипломаттарын қуған АҚШ және басқа елдерге жауап ретінде олардың да дипломаттары кері қайтарылады.

Бірер күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік 60 дипломатты еліне қайтарып, Сиэтлдегі Ресей консулдығын жабуға пәрмен берген. Мұндай шараларды Еуропаның бірнеше мемлекеті де қабылдаған. Германия, Франция және Польша ресейлік төрт дипломатты, Чехия, Литва және Молдова үш дипломатты елден шығаратынын мәлімдеген. Испания, Нидерланд, Дания және Италия екі дипломатты "персона нон-грата" деп жариялаған.

Болгария Ресейдегі елшісін кеңесуге шақыртып алды. Украина ресейлік 13 дипломатты елден шығаратынын мәлімдеді.

Мұрат Рақымжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5265