Жұма, 22 Қараша 2024
4538 2 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 09:51

Атамбаевқа арналған саяжайды 89 млн сомға тұрғызған

"Ала-Арча" мемлекеттік резиденцясы аумағында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа арналған саяжайды 89,3 млн сомға (шамамен 1,3 млн доллар) тұрғызған. Соның 77,8 млн сомын бұрынғы президенттің өзі бөлген. Бұл туралы президент пен үкімет істерінің басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметіне қарағанда, "Президент қызметінің кепілі туралы" заңға сәйкес, бұрынғы президенттің тұрмысын жайластыруға құқығы бар. Атап айтқанда, бұрынғы президентке "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясы аумағында орналасқан мемлекеттік саяжайдың бірі өмір бойы пайдалануға беріледі.

Заңның бұл ережесін орындау үшін жаңа ғимарат салу туралы шешім шығарылды, өйткені мемлекеттік резиденция аумағында бос саяжай болмаған. Нысанның толық құрылысына 89,3 млн сом кеткен.

Соның 77,8 млн сомын Алмазбек Атамбаев демеушілік көмек ретінде өз қалтасынан төлеген. Қазір бұл саяжайда бұрынғы президент отбасымен бірге тұрып жатыр.

Бұл нысан мемлекеттік меншігі саналады және ол жекешелендірілмейді. Саяжай ауданы - 301,8 шаршы метр. Резиденциядағы саяжайдан бөлек, Атамбаев Бішкекке жақын Кой-Таш аулында үй соғып жатыр.

Басқарманың хабарлауынша, №17 саяжайы қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков тұрып жатқан "Ордо" үйінен әлдеқайда шағын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5271