Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4945 0 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 12:50

Қарағандыда Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр. Аталған сайысқа 16 жоғарғы оқу орнынан 48 студент қатысуда.

Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланды. Олимпиадаға қазақ телевизиясының 60 жылдығы арқау болды. Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүктелген тапсырма бойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәндерінен  тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні студенттер журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсуде.

Сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар кеншілер шаһарының көрікті жерлерін аралап көрді. Олар Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін тамашалады. Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен танысып қайтты.

Аслан Қажиев

IT Университеті

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584