Президент халыққа жоладуын жасайтын парламенттің бірлескен отырысы 28-ші қаңтарда шақырылады
Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабев жыл сайынғы кезекті Қазақстан халқына жолдауымен сөз сөйлейтін парламент палаталарының бірлескен отырысы 28-ші қаңтарда шақырылады.
Парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың 24-ші қаңтарда қол қойған тиісті нұсқауы сейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2011 жылғы 28 қаңтарда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген құжатта.
Бұрын хабарланғандай, президент жолдауы әлеуметтік мәселелерге - денсаулық сақтау, білім беру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй - коммунальдық салаға т.б. арналады деп күтілуде.
Жыл сайын Н. Назарбаев халыққа жасайтын жолдауында елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тіршілігінің негізгі бағыттарын айқындайды. Былтыр мемлекет басшысы 29-шы қаңтарда «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жасап, ол бойынша 2010-шы жылы стипендия мен бюджет қызметкерлерінің жалақылары 25% көтерілген болатын.