Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2964 0 пікір 25 Қаңтар, 2011 сағат 05:59

Назарбаев Мәскеудің «Домодедово» әуежайындағы теракт кезінде қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты

Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев адам қазасына алып келген терактіге байланысты Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

«Бейбіт азаматтардың қазасы мен жарақат алуына алып келген «Домодедово» әуежайындағы лаңкестік әрекет туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының атынан және жеке өзім Сізге, қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта. Оның мәтіні сейсенбі күні Ақ орданың ресми сайтында жарияланды.

Бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні Мәскеудің «Домодедово» әуежайында жанкеш-лаңкес жарылыс жасаған. Келу аймағындағы жарылыста 35 адам қаза болды, оның алтауы - шетелдіктер. Ресейлік БАҚ-тың соңғы мәліметтеріне сәйкес, жарақат алған 97 адам ауруханаға жеткізілген.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676