Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
4461 0 пікір 4 Сәуір, 2018 сағат 09:02

Шекарадағы жанжалда тәжік және қырғыз азаматы жараланды

3 сәуірде болған тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалда Тәжікстан шекара әскерінің қызметкері мен Қырғызстан азаматы жараланды.

Екі елдің шекара қызметінің мәліметінше, жараланғандардың жағдайы бірқалыпты. Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға Уч-Добо ауылы тұрғынының жеріне қоршау орнатуы себеп болған екен. Бұл аймақтың әлі қай мемлекетке жататыны ресми шешілмегендіктен, аталған жерге кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.

"Қырғызстан азаматы ескертуге құлақ аспаған. Бұл Тәжікстанның Хожа-Аъло ауылы тұрғындарының ашуын туғызған. Екі тараптан 50 шақты адам сөз таластырып, соңы бір-бірлеріне тас лақтыруға дейін барған", - деп хабарлайды Қырғызстан және Тәжікстанның шекара қызметі.

Жанжал жарты сағаттан кейін тоқтаған. Жергілікті билік өкілдері ауыл тұрғындарымен кездескен.

Әлеуметтік желілерде жанжалдың бейне жазбасы пайда болды. Ол жерде тараптардың бір-бірлеріне тас лақтырып жатқанын көруге болады.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара ұзындығы 971 шақырымды құрайды. Оның 519 шақырымы қай елге жататыны шешілмеген. Екі елдің шекарасында 70-ке жуық даулы учаске бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 922