Бек Датұлы. «Атырау-ақпаратта» не болып жатыр?..
Ақтөбе қаласында жарық көріп, баспасөз нарығындағы өмірін Атырауда жалғастырған әйгілі «Алтын Орда» газеті 11 жасқа толып отыр! «Қазақты жалт қаратқан» (газеттің бірінші бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлының сөзі ) "Алтын Орда" алыс аймақтан шығып ұлт басылымы деңгейіне көтерілген еді...
«Алтын Орда» қазір «Атырау-ақпараттың» шаңырағында отыр. Таяуда «Атырау-ақпарат»орналасқан бес қабатты екі қанатты зәулім ғимаратты ұлты кәріс бір азаматтың сатып алғаны туралы естідік. Естіген сөзіміз жаңсақ болмасын деп, Атырауға қоңырау шалып төмендегідей деректерге қанықтық.
«Атырау-ақпарат» елімізде тұңғыш құрылған медиа-холдинг болып табылады. Бүгінде холдинг 2 облыстық, 7 аудандық газеттің басын қосып жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы холдинг халықаралық сапа стандартын білдіретін ISO:9001-2009 сертификатына ие болды.
Холдинг ашылар тұста, яғни 7-8 жыл бұрын Атыраудың басшылары үлкен ғимарат беріп, қалам ұстаған қауымға барлық мүмкіндікті жасаған еді.

Алайда, облыстық монополияға қарсы мекеме холдинг қосалқы шаруашылық жүргізіп отыр, әйтпесе ғимаратты ұстап тұруға шамасы жетпейді деген қортындыға келеді. Ал жарғылық құжат бойынша холдинг тек шығармашылық жұмыстармен ғана айналысуы тиіс екен. Сондықтан «Атырау-ақпарат» отырған ғимаратты басқа компанияға басқаруға беру туралы шешім қабыланыпты. Қазір холдинг аталған ғимараттың сол жақ бөлігіне көшіп жатыр.
Осы мәселеге байланысты хабарласқанымызда «Атырау-ақпараттың» басшысы Эльдар Жұмағазиев өздерінің бұл шешімге қарсы емес екендерін жеткізді. Оның айтуынша, холдингке қарасты ақпарат құралдарының қызметкерлері бөлінген орынға еркін сияды әрі бұл олардың шығармашылығына зиянын тигізбейді.
Ғимаратты сатып алған компанияның басшысы кәріс көрінеді. Эльдар Тынышбайұлы ол компанияның «Атырау-ақпарат» қоныстанған бөлігіне де жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанына риза көрінеді
Дегенмен, «Атырау-ақпарат» холдингінің қызметкерлері оң қанатта отырған кезде жалға алған бөлмелеріне (сол қанаттағы) әрең сиып жүрген журналистердің жырғай қоймасы белгілі. Бірақ, Эльдар Тынышбайұлы бұрын ғимаратты ұстап тұруға кететін қаржы енді үнемделетін болды, бұл қызметкерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді дейді.
www.masa.kz интернет газеті