Сенбі, 23 Қараша 2024
3826 0 пікір 5 Сәуір, 2018 сағат 09:01

Әзімжан Асқаровтың әйелі Қырғызстан президентіне хат жазды

2010 жылы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген Әзімжан Асқаровтың әйелі Хадиша Асқарова Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жазды.

Хатта күйеуінің кінәсі жоғы айтылып, президенттен істі тәуелсіз сарапшыларға жіберуін сұрайды.

Хадиша Асқарова 2010 жылы Ош облысындағы оқиға кезінде Сооронбай Жээнбековтің сол аймақты басқарғанын, бұл оқиғаны жақсы білетінін айтады. Ол президент айыбы жоқ адамдарды жазалауға жол бермейді деп үміттенеді. Хадиша күйеуіне рақымшылық жасаса екен деп те тілейді.

Асқаров 2010 жылы Ош облысындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген. Кейін БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитеті құқық қорғаушыны босатуға шақырған. Іс 2017 жылы Шу облыстық сотында қайта қаралған. Бірақ сот Асқаровқа қатысты үкімді сол күйінде қалдырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379