Сенбі, 23 Қараша 2024
Жөн-ақ 6627 30 пікір 5 Сәуір, 2018 сағат 09:54

Саят Ыбыраевқа бостандық берілсін! 

 

Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сотының төрағасы
Ж.Қ.Асанов мырзаға

А Ш Ы Қ Х А Т

Құрметті Жақып Қажманұлы!

Қазақстанда әлемдік деңгейде мойындалған, Батыстың іргелі институттары санасатын ғалымдар саусақпен санарлық. Солардың бірі Саят Мұратұлы Ыбыраев. Механика мен машина жасау саласында халықаралық 5 патенттің иегері, 5 ғылыми монографияның, 60-тан астам ғылыми зерттеулердің авторы.

Алайда осындай аяулы ғалымның 12 жылға сотталып, 7 жылдан бері қамауда отырғаны біздің жанымызға батады.

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетiнің үздік түлегі, Александр фон Гумбольдт сыйлығының лауреаты, алыс-жақын шет елдің түрлі ірі жобаларында жұмыс жасап, тәжірибе жинақтаған ғалым отандық ғылымға еңбек сіңіретін шағында, ғылыммен айналысу мүмкіндігінен айырылып отыр.

Саят Ыбыраев тұлға ретінде «мен Қазақстан ғылымына үлес қосамын» деген принциппен өмір сүретін адам екеніне біз кепілміз. Өз кезінде Саятты Германия, Канада, АҚШ, Бельгия, Ресей сынды іргелі елдер  шақырған болатын, алайда оның бар арман-мақсаты — Қазақстанды әлемдегі ілім-ғылымы дамыған елдердің қатарынан көру және соған қолынан келгенше үлес қосу еді. Тіпті, қазір қамауда отырса да, сол принципінен айнымай еңбектеніп жатыр ол.

Саят Ыбыраев түрмеде өткізген алты жыл ішінде үш бірдей кітап жазды. Оның екеуі ғылыми монография: «Аппоксимационный синтез рычажных механизмов: Методы и численная реализация» (Алматы.2014– 304 бет), «Динамический синтез и оптимизация привода рычажных механизмов» (Алматы.2014– 356 бет). Үшіншісі қазақ балаларының ғылымға көзқарасын шыңдау мақсатындағы «Ақылсыз болса — ғылым тұл» кітабы. Сонымен қатар жүк көтеру құрылғысын құрастырып, Қазақстан Республикасының №94992 патентін иеленді. Ыбраев Саят Мұратұлының тікелей жетекшілік етуімен қашықтықтан басқарылатын ISM-101 жүк көтеру құрылғысының үлгісі жасалды. 2017 жылдың екінші жартысында аталған құрылғының бір үлгісі тәжірибелік сынақтан сәтті өтіп, алдағы уақытта оны өндіріске енгізу жұмыстары жоспарланған. Сызба күйінде жатқан талай дүние тағы бар.
Мұның бәрі қағаз бен қаламды ғана қажет ететін қатардағы мемуарлық еңбектің бірі емес. Физика ғылымындағы қарапайым кесте, математика ғылымындағы қарапайым теңеудің өзі қазір компьютердің көмегімен жазылатын заманда, аса жоғарғы дәлдікті қажет ететін ғылыми еңбекті қалам мен қарындашпен жазып шығу, академик Асқар Жұмаділдаевтың сөзімен айтқанда: біздің ғасырдағы ғылымда жасалған ерлік.

Біз білетін Саят Ыбраев еш уақытта Қазақстанның саяси тұрақтылығына нұқсан келтіретін әрекет жасаған емес, ол ешқашан конституциялық билікке қарсы шыққан емес, экономикалық шығын келтірген емес. Сот барысында да ешбір адам одан қиянат көрдім деп айтқан жоқ.

Саят Ыбыраевтың ғылымда жаңалық ашар дер шағы. Ол ел игілігіне жарар талай ғылыми жаңалықтарға мұрындық болар еді, инновациялық бағытта көшіміздің түзелуіне ат салысар еді, ұстаздың дәрісіне зәру жастарға тәлім берер еді.

2017 жылдың соңында «Qamshy.kz» порталы өткізген халықтық сауалнама нәтижесінде Саят Ыбраев Тәуелсіздіктің нығаюы мен дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін халықтық «Алаш арыстарының ізбасары» құрметті атағымен марапатталды. Бұған дейін Саят Ыбраев Abai.kz ақпараттық порталы тағайындаған Алаш арысы Әлихан Бөкейханов атындағы тәуелсіз қоғамдық төс белгімен марапатталған еді. Мұның бәрі профессорға деген халықтың ыстық ықыласын білдіреді.

Біз, Қазақстандық ғылым және қоғам өкілдері, Сіздерден Саят Ыбыраевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішінің сотпен оң шешім табуын сұраймыз.

Құрметпен:

1. Смағұл Елубай, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, жазушы, кинодраматург

2. Мекемтас Мырзахметұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

3. Әселхан Қалыбекова, Қазақстанның халық ақыны

4. Тұрсын Жұртбай, жазушы, ф.ғ.д, профессор

5. Шерхан Мұртаза, Қазақстанның халық жазушысы

6. Асқар Жұмаділдаев, математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі

7. Төрехожаев Абибулла Назарұлы, Нью-Йоркской Академиясының мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры

8. Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, К.Э. Циолковский атындағы Халықаралық космонавтика академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы профессор.

9. Байгунчеков Жұмаділ Жаңабайұлы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Халықаралық Техникалық IFToMM комитетінің мүшесі, техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры

10. Шерьязданов Ғалым Бекенұлы, физика математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

11. Уәлиев Заир Гахипұлы, техника ғылымдарының докторы, Абай атындағы КазҰПУ профессоры

12. Уәлиев Гахип Уәлиұлы, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинажасау институтының профессоры

13. Ахмедов Дәулет Шафиғұлы, техника ғылымдарының докторы, ғарыштық техника және технология институтының директоры

14. Иманқұл Төлеухан Шойбасұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

15. Ақылбай Н, әл-Фараби атындағы ҚазҰУпрофессоры

16. Айдархан Қалтаев, физика-математика ғылымдарының докторы

17. Төлегенова Құралай Бақытқызы, физико-математика ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті

18. Әбдраимова Гүлнар Аманжолқызы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті

19. Бекенов Ерұлан Тұрсынұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті

20. Қосболов Серікбай Байтікұлы, техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ кафедра жетекшісі

21. Жапаев Сәдуақас Қалиұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті

22. Омаров Сағынтай, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ лаборатория жетекшісі

23. Ізмамбетов Мырзабай Базарбайұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті

24. Жауыт Алгазы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ философия PhD докторы

25. Усмадияр Маканов, химия ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

26. Маматова Гүлнар Өгізбайқызы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті

27. Сағындыков Бимұрат, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
28. Нұрпеисова Роза Әбдрахманқызы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ұстазы

29. Наурышев Батыр Кабирұлы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ұстазы

30. Иманбаева Нұрбүбі Сайрамқызы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

31. Жолшара Әлімбай, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті

32. Жүнісбеков Сейтбек, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті

33. Жандыбаев Қайрат Сергазыұлы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ инженері

34. Өтегенов Мұратулла, техника ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

35. Сейдахмет Асқар Жүнісұлы, техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

36. Еспаев Болат Әбікенұлы, техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

37. Джамалов Нутпулла Камалұлы, техника ғылымдарының кандидаты,
Жолдасбеков атындағы Механика және машинажасау институтының бөлім бастығы

38. Мадалиев Тұрсын Бимендинұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Ө.Жолдасбеков атындағы ММИ ғылыми хатшысы

39. Қонақбаев Төлеген Оспанұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

40. Жаменкеев Ерболат Кенжақанұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰТУ доценті

41. Ерәлиев Абылай Кабекұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

42. Айман Нұрмағанбетова, техника ғылымдарының кандидаты

43. Жомартов Асылбек Әбдіразақұлы, техника ғылымдарының докторы, ҚР Инженерлік академиясының мүшесі

44. Өміржанова Жадыра Мырзабекқызы, техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

45. Ракишева Зәуре Баянқызы, физика математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра жетекшісі

46. Баймұхаметов Абай Әбішұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор. Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинажасау институтының зертхана жетекшісі.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377