Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Қоғам 6510 1 пікір 10 Сәуір, 2018 сағат 09:28

Қазақстан Ливанға бітімгерлік күші ретінде 120 сарбаз жіберуі мүмкін

Қазақстан Ливанға бітімгерлік миссиясы құрамында әскери қызметкерлерін жібермек деп хабарлады қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

Мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген Мұхтаров Қазақстан бітімгерлік миссиясы құрамында әскери бөлімді жіберуге дайындық жасағанын айтты.

"Біз барлық қажетті процедурадан өттік. Енді БҰҰ талап ететін стандартты процедуралар қалды. Биыл қыркүйек, қазан айларына қарай шамамен 120 адам, бір ротаны миссиялардың біріне жібереміз. Болжам бойынша олар Ливандағы миссияға барады" деді Мұхтаров.

Қазақстанда 2015 жылы қабылданған "Бітімгершілік қызметі туралы" заңға сәйкес, президенттің әскери қызметкерлерді әлдебір операцияларға қатыстыру туралы ұсынысын парламент палаталардың бірлескен жиыны талқысына салады. Президентке қарулы күштерді пайдалану туралы ұсынысты үкімет түсіреді. Миссияға қатысушылар құрамын, санын және мерзімін де үкімет анықтайды. Президент ұлттық контингенттің бітімгершілік операциясына қатысуын аяқтау, мерзімінен ерте шақырып алу және шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылдай алады. Қазақстандық бітімгерлердің әлдебір операцияға қатысу мәселесі халықаралық ұйымның шешімі немесе Астана ратификациялаған халықаралық келісім-шарт негізінде қаралады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2861
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 958
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893