Таяуда Душанбеде Садриддин Айнидің шығармалар жинағы қайта басылып шықты. Тәжікстан жазушылар одағында Орталық Азия елдерінің зерттеушілерінің қатысуымен жазушыға арналған ғылыми конференция өтті.
Негізгі мерекелік шара 14 сәуірде жоспарланып отыр. Сол күні Садриддин Айни тұрған үй, бүгінде мұражай қайта жөнделіп, халыққа есігін ашады.
Жазушының мерей тойы алдында Самарқандағы мұражай да қайта жөндеуден өткізілген. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің тапсыруымен жөндеу жұмыстарына 300 млн сум (37 мың доллар) бөлінген. Садриддин Айни Бұхарада туған. Бірақ Душанбеге көшер алдында ұзақ жылдар бойы Самарқанда тұрды.
Садриддин Айнидің туындыларын сақтаушы Мохшариф Табарова үш жыл бұрын жазушының өзбек және араб тілдерінде жазылған қолжазбасы табылғанын, бүгінде ғалымдар оны тәжік тіліне аударып жатқанын айтады.
Abai.kz