Сенбі, 23 Қараша 2024
3583 4 пікір 11 Сәуір, 2018 сағат 08:31

Вице-премьер: Санкция Қазақстан импортына да әсер етеді

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев АҚШ-тың Ресейге салған жаңа экономикалық санкциясы Қазақстан импортына әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Қазақстан бюджеті доллардың орташа бағамы 340 теңге болады деген болжаммен құрылған.

10 сәуірде Мәскеу қор биржасында рубль бағамы күрт құлдыраған соң теңге бағамы да төмендеді. Еуро мен доллар бағамы шамамен екі рубльге қымбаттаған. Еуро бағамы соңғы екі жылда бірінші рет 77 рубльден, доллар бағамы 2016 жылдың соңынан бері бірінші рет 62 рубльден жоғарылады.

Қазақстан қор биржасында бүгін күндізгі сессияда доллардың орташа бағамы 325 теңге 88 тиынды құрап, кешегі күндізгі орташа бағамнан 5 теңге 47 тиынға көтерілді.

"Әрине, Ресей мен қор нарықтары алған алғашқы шок сезіледі. Импортпен байланысты белгілі бір әсері болады, бірақ оны реттейміз" деді Досаев Астанада үкімет отырысынан соң журналистер сұрағына айтқан жауабында.

Вашингтон 6 сәуірде Кремльдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуіне жауап ретінде ресейлік біраз шенеунік пен бизнесменге және компанияларға жаңа санкция салған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440