Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3252 0 пікір 27 Қаңтар, 2011 сағат 05:14

Орал қаласының әкімі тұрғындар алдында есеп беруде

Деркөл кенттік округінде өткен есептік кездесуде өткен жылы атқарылған жұмыстармен қатар алда тұрған міндеттер де айтылды. Мәселен, кенттік округте көшелерді жарықтандыру жақсарып, сумен қамту нысандары салынды, кәріздік жүйе жаңғыртылды. Ветелкиде фельдшерлік-акушерлік пункт пен кітапхана пайдалануға берілсе, Деркөлде дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы басталды. 2010 жылы Деркөл кенттік округін дамытуға 539 млн. теңге жұмсалды. 2011 жылы бақты абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Бұған 40 млн. теңге қарастырылса, қосымша 14,2 млн. теңге бөлу ойластырылуда. №12 орта мектеп пен «Колокольчик» балабақшасын күрделі жөндеу де күн тәртібінде тұр.

Оралға қарасты кенттік округтердің ең ірісі - Зачаган ауылы. Бұл кенттік округті дамытуға 3,4 млрд. теңге бағытталды. Мұнда өткен жыл аяғында 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасы пайдалануға беріліп, бірнеше көшеге қатқыл табанды жол төселді. Басқа да жұмыстар атқарылуда. 2011 жылы «Оңтүстік» подстансасын аяқтау көзделіп отыр, бұған республикалық бюджеттен 1 млрд. 750 млн. теңге бөлінген болатын.

Қала басшысы сондай-ақ Желаев кентінде де есеп беріп, тындырылған жұмыстарды айтты, алдағы атқарылар істерден хабардар етті. Тұрғындар сауалдарына жауап берді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347