Сенбі, 23 Қараша 2024
3414 0 пікір 13 Сәуір, 2018 сағат 08:35

Помпео: Сириядағы ұрыста "екі жүздей ресейлік" қаза тапқан

АҚШ мемлекеттік хатшылығына үміткер, Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Майк Помпео Сенатта тыңдау кезінде "Сирияда екі жүзге жақын орыс қаза тапты" деп мәлімдеді.

Помпео бұл оқиға жайлы жан-жақты түсініктеме бермеді, әрі ақпарат көзін де айтпады. Ол тек бірер апта бұрын орын алды деді. Ол 7 ақпандағы сириялық Дейр-эз-Зор провинциясындағы Сирия президенті Башар Асадтың әскерімен ұрысты айтқан болу керек. Америкалық әуе күштері шабуылдаушыларға қарсы соққы берген.

Осы соғыстан кейін әлеуметтік желілерде, сосын БАҚ-та "ЧВК Вагнер" құрамындағы ресейлік сарбаздардың Сирияда қаза тапқаны жайлы айтыла бастады. Құрбан болғандар жайында әртүрлі сандар айтылды. Көбінде 200-дей ресейліктің көз жұмғаны жазылып жатты. Журналистердің зерттеуінше, олардың бәрі дәл осы соғыс кезінде жан тапсырған.

Бастапқыда Ресей сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды. Кейін бірнеше адам қайтыс болып, ондаған адам жаралануы мүмкін деді.

АҚШ әскері ресейлік әскерге шабуыл жасайтынын ескерткенін, олардың қарсы болмағанын атап өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502