Жұма, 22 Қараша 2024
3799 0 пікір 26 Сәуір, 2018 сағат 09:34

Тәжікстанда күдіктілер кәсіпкерлер отбасын тапсырыспен өлтіргенін мойындаған

Худжанд базарындағы дүкеннің біріне иелік ететін ерлі-зайыпты Максудджон Мұхаммадджонов пен Ибодат Неъматуллоеваны былтыр 18 қазанға қараған түні үйінде өлтіріп кеткен. Кейін алты адамнан тұратын күдікті топ қолға түскен.

Бұл қанды оқиғаға қатысты Жоғарғы сотта істі қарау процесі басталған. Сот отырысы кезінде күдіктінің бірі ерлі-зайыпты кәсіпкерді арнайы тапсырыспен өлтіргенін мойындаған.

Осыған дейін ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Умарджони Эмомали күдіктілердің қалай қолға түскенін баяндаған.

«Биыл 26 қаңтарға қараған түні банда мүшелері Рудаки ауданында Умеда Турсунованың үйіне ұрлыққа түскен. Олар үйдің қожайыны мен Үмеданың бауыры Махмуд Турсуновты өлімші етіп сабаған. Оларды ұстаған кезде, банда мүшелерінің кәсіпкерлер отбасының өліміне қатысы белгілі болды», - деген Умарджони Эмомали.

Күдіктілер кәсіпкерлер үйінен бағалы заттар мен 75 мың АҚШ долларын алып кеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286