Видеокамера 11 сәуірде, бұрынғы премьер-министр Сапара Исаковтың тікелей тапсырмасынан кейін алынып тасталған.
Өмірбек Текебаев отырған камерада видеобақылау орнатылғаны биыл, 29 қаңтарда белгілі болған. Жазаны орындау қызметі қауіпсіздік үшін орнаттық деп мойындаған. Бірақ құқық қорғаушылар бұл әрекетті айыптаған. Текебаевтың өзі мұны күндіз-түні өзіне бақылау жасау арқылы, психологиялық қысым көрсетіп жатыр деп бағалаған.
«Ата Мекен» партиясының лидері Өмірбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылдың ақпан айында Ресей кәсіпкерінен 1 млн доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.
Былтыр 21 қарашада Жоғарғы сот екі саясаткерді күшейтілген режимде 8 жылға соттау туралы аудандық сот шешімін күшінде қалдырған. Сотталушылардың өздері мұның саяси астары бар деп біледі.
Abai.kz