Түркіменстанның ресми басылымдарының жазуынша, Бердімұхамедов бастамасымен бесжақты эксперттік топ құрылу қарастырылып жатыр. Онда жаңа құрылатын Кеңестің құрылымы мен ұйымдастыру мәселелері талқыланады.
Түркімен президентінің бұл бастамасы Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуінен бір ай өткен соң көтерілді. Бұл кездесуге Бердімұхамедов өзі бармай, ұлы Сердар Бердімұхамедовті жіберген.
15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия басшыларының бас қосуы бірінші кеңесу отырысы деп аталған. Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен өткен. Соңғы бас қосуда Орталық Азия елдері басшылары жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп тұруға келіскен. Келесі бас қосу 2019 жылдың наурыз айында Ташкентте жоспарланып отыр.
Abai.kz