Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4089 5 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 10:18

Қырғызстанның арнайы қызметі бұрынғы премьерді тергеуге шақырды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті елдің бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты тергеуге шақырды. Бұл туралы Исаковтың өзі Facebook'тегі парақшасында хабарлап, тергеуге шақырту суретін жариялаған.

Құжатта экс-премьердің 26 сәуір күні сағат 15:00-де МҰҚК-нің бас тергеу басқармасына куәгер ретінде тергеуге баруы тиіс екені айтылады.

ҰҚМК бас хатшысы Рахат Сулаймановтың Азаттықтың Қырғыз редакциясына айтуынша, Исаков Бішкектегі жылу электр станциясында (ЖЭС) болған апатқа қатысты істі тергеу аясында куәгер ретінде шақыртылып отыр. Биыл 26 қаңтар күні Бішкек ЖЭС-інде апат болып, салдарынан қаладағы көпқабатты үйлер мен мемлекеттік мекемелер жылусыз қалған.

40 жастағы Сапар Исаков премьер-министр қызметін сегіз ай атқарып, бір апта бұрын парламент оның үкіметіне сенімсіздік білдірген соң отставкаға кеткен. 19 сәуірде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Сапар Исаковтың үкіметін отставкаға жіберу туралы жарлық шығарған. Бұл оқиға іс басындағы президент пен бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев арасындағы қатынас нашарлай бастаған тұста болып отыр.

Өткен аптаның соңында Мұхаммедкалый Абылгазиев Қырғызстан премьер-министрі қызметіне кірісті.

Abai.kz
5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2055