Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6277 0 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 09:02

Жалығу

Абайдың 20-қара сөзі: "Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген" - деп басталып, осы жалығудың қандай адамға тəн екенін түсіндіріп барып, былай демейтін бе еді:

"Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалық ғұмырының баянсызын, дүниенің әрбір қызығының акырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады".

Иə, "Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда" дегенді өлеңмен жазған қайран Абай, 20-қара сөзінде сол концепциясын ары қарай дамытып, былай деп тəмамдайды:

"Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын".

"Рас-ау!" - деп қалай бас изеп келісіп қойғаныңды өзің де байқамай қаласың.

Бірақ, жалығу - түңілу емес. Ойлы адам ешуақытта түңілмейді. Басында тұрған бақтың баянсызын түсінген адам, сордың да өтпелі екенін түсінбейді дейсіз бе? Түсінеді.

Мұрат Рақымжанның Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613