Сейсенбі, 20 Қазан 2026
46 - сөз 7095 1 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:22

"Сұрақ" шешілмейді, сұраққа жауап беріледі

"Даулы сұрақтарды шешу..." депті бір газетте. Осы біз орыстың "вопрос" деген сөзінің екі мағынада қолданылатынын ұмытып кете береміз.

Біреуі, "мәселе". Екіншісі, "сұрақ". Егер жоғарыдағы сөзде ол "сұрақ" ретінде қолданылған болса, ол "даулы" болмайды. "Сұрақ" шешілмейді, сұраққа жауап беріледі. Ал "мәселе" даулы болуы мүмкін әрі шешіледі.

Қазір белді газеттердің өзінде осы екі ұғым бір мағынада - "сұрақ" түрінде жиі қолданылып жүр. Білместіктен немесе шатастырудан. "Сұрақ" ешқашан "мәселе" мағынасына ие емес. Солай емес пе?!

Дүрәлі Дүйсебайдың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1121
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1548