Сейсенбі, 24 Ақпан 2026
Пікір 197 0 пікір 24 Ақпан, 2026 сағат 18:50

Ата Заң: Ұлттық құндылықтар мен мыңжылдық тарихы бар Ұлы Дала

Суреттер: qalamger.kz, kazgazeta.kz сайттарынан алынды.

Референдум – халықтың мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге тікелей қатысуының ең демократиялық тетіктерінің бірі. Ол белгілі бір заңды, конституциялық өзгерісті немесе ел тағдырына әсер ететін маңызды бастаманы бүкіл халықтың еркі арқылы бекітуге мүмкіндік береді. Сондықтан алда өтетін референдумның маңызы тек саяси оқиға ретінде емес, азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ретінде де бағаланады.

Негізінде халықтың тікелей қолдауымен қабылданған шешімдердің саяси және құқықтық негізі әлдеқайда берік болады. Референдум нәтижесінде қабылданған өзгерістер қоғамда кеңірек қолдау тауып, мемлекеттік институттардың легитимділігін арттырады. 15 наурыздағы тарихи күннің маңызы туралы қаламгерлер де үн қатты.

Роза Мұқанова, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:

– Алда өтетін референдум Қазақ мемлекеті мен халқы үшін  тарихи белес. Бұрын қамтылмаған, айтылмаған дүниелер жаңа Ата заңда бір еркіндікпен, халықтың мүддесін, халық пен биліктің арасындағы әдепті, тыңдауды, әділдікті көрсететін бірден-бір негіз заңды құралымыз болып отыр. Бұл туралы мен қаламгер ретінде де өз құқымды зерттедім. Мұнда цензураға тиым салынатыны көкейге өте қонымды болды. Шығармашыолық еркіндік, зияткерлік туралы да айтылған. Зияткерлік меншікті қорғау деген осы уақытқа дейін бұрынғы заңдардың аясында қалтарыста келе жатты. Шын мәнінде композитор болсын, жазушы болсын, осы саладағылар үшін зияткерлік құқық қорғалмаған еді. Оны қорғау үшін қайда барып, кімке дәлелдеуіміз керектігі жөнінде қиындықтарға кездескенбіз. Осы үшін де менің бұл нұсқаға көңілім толады. Сондықтан, 15 наурыздағы тарихи күнде мен де дауыс беруге барамын. Бұл бір әділ заң ретінде, сонымен бірге Қазақстан халқының құқықтық негізде әділетті, дамыған, өркениетті елдердің қатарындағы абыройлы бағыт болды деп ойлаймын. Осы уақыт аралығындағы мемелекет басшысының жасап жатқан реформалары заңдық шешіммен қолданылуы деп білемін. Үлкен реформаларға қазірдің өзінде куә болып отырмыз. Еститін қоғам, әділеттілік қазір халықтың белсенділігін арттырды. Бұл дегеніміз – мемлекеттің болашағына сенуі деп ойламын, сол үшін мен дауыс беремін.

Ғалым Жайлыбай, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:

– Сонау 1995 жылы қабылданған кониституция ол кезеңде өлара кезеңнің уақыты. Одан кейін де оның өзгерістері болғаны анық. Геосаяси жағдайлардың соншама күрделіленіп тұрған уақытында, кез-келген мемлекет, кез-келген ұлт пен ұлыс ақыл-ойдың аламанында өзінің жолын іздеп тұрған уақытта бізге осы басты құжатты қабылдау қажет болды. Оны кеше кониституциялық комиссия бір ай бойы жұмыс істеді. Оның құрамында кәдімгі жүз отызға тарта ел білетін әлеуметтік топтың өкілдері, заңгерлер, зиялы қауым осы құжаттың жобасын жасауға қатысты. Мен халықтық коалицияға қатыстым. Сонда он мыңға тарта ұсыныс келіп түсті деді. Бұл бір жағынан қарасаң, халықпен бірге жасаған басты құжатымыз секілді. Халықтың арасында шынын айтсақ, түрлі пікірлер бар. Адам баласы болған соң, ондай да болады. Енді бір жағынан бұл халықтың саяси белсенділігінің оянғанын көрсетеді.

Бұл жоба әлі толыққанды қабылданып бітпеген дүние. Соған байланысты да референдум керек. Бұл да жолға шығардағы бір тәуекелдің қайғына мініп келе жатқан қазақ деген біздің жұрттың үлкен қадамы шығар.  Мысалы, Ата заңның осы жобасының от төртінші тармағында адам құқығы мен адам бостандығы туралы айтылады. Негізі адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін деп ұғындым өз басым. Бұл заң жобасының қабылдануы адамдардың еркіндігі үшін, оның құқы үшін жасалып жатқан дүние. Осы жоба бірінші рет қазақ тілінде жазылды. Алғашқы сөйлемінің өзі «ата-бабаларымыз мекендеген жер» деп басталады ғой. Шын мәнінде адам еркіндігі дегеніміз сенің еңбек етіп, өмір сүру қағидаттарың. Сонымен бірге халықты табиғатты қорғау туралы да жазылған. Мен осы тақырыпта көбірек жаздым. Мысалы анау жылы протон, зымыран құлаған кезде, «Жылқы жөтелген жыл» деген мақала жазғанмын. Киіктер қырылып, тепе-теңдік жойылды. Адамның өзінің де экологиясы болады. Экология деген бір сөзбен айтқанда адамның денсаулығы.

Abai.kz

0 пікір