Сенбі, 23 Қараша 2024
3900 0 пікір 8 Мамыр, 2018 сағат 14:02

Путин төртінші рет Ресей президенті қызметіне кірісті

 

Владимир Путин төртінші мерзімге президент болып қайта сайланып, Ресей президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Салтанатты шара Үлкен Кремль сарайында өтті.

"Ресей қазіргі заманға сәйкес әрі серпінді болуы керек. Қазіргі заманның сын-тегеуріндерін жүрексінбей қабылдап, ширақ жауап беруіміз керек. Сонымен бірге қай жерде біз күштіміз, сол салада өзіміздің лидерлерімізді өсіруіміз керек", – деді Путин таққа отыру сәтіндегі сөйлеген сөзінде.

Путин өмірдің барлық саласында өзгерістер керек, "жансыз бюрократияны түбегейлі жеңуіміз керек" деп атап өтті.

"Мұндай серпіліс қоғамның еркіндігін қамтамасыз етеді. Сол кезде ғана надандық пен жансыз бюрократияны құрта аламыз. Бұлар адамның талантын ашуына, дамуына кедергі келтіреді", – деді Путин.

Инаугурацияға бес мыңға жуық адам қатысқан. Оның ішінде заң шығарушы, сот билігі, діни конфессия өкілдері мен шетел дипломаттары және президенттің сайлау штабында жұмыс істеген еріктілер қатысқан.

5 мамырда Владимир Путиннің 4-президенттік мерзімге сайлануына қарсы Ресейдің көптеген қалаларында "Ол бізге патша емес" деген ұранмен наразылық шарасы өтті. "ОВД-Инфо" дерегінше, наразылық кезінде 27 қалада мың жарымнан астам адам ұсталған. Кейін полиция олардың біразын босатқан. Ұсталғандардың арасында оппозициялық саясаткер Алексей Навальный да бар.

Путин 18 наурызда өткен президент сайлауында 76 пайыз дауыс жинап, президент болып қайта сайланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409