Сенбі, 23 Қараша 2024
3507 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 08:59

Қырғызстанда өзбек еңбек мигранттары көбейген

Қырғызстанда Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары көбейген, бірақ бұған қатысты нақты мәліметтер мемлекеттік органдарда жоқ. Қырғызстанның көші-қон мемлекеттік қызметі көрші елдің еңбек мигранттарын заңдарды сақтауға шақырды.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасы ашылған соң, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс іздеп келген өзбекстандықтар көбейген. Бішкектегі, шекараға жақын Ош, Баткен және Жалал-Абад облыстарындағы жұмыс берушілер жұмысы тиянақты, ақысы арзан өзбек мигранттарын жоғары бағалайды.

Қазір Жалал-Абад облысының мақта алқабтарында Өзбекстаннан келген жас келіншектер жұмыс істеп жүр. Бір күн жұмысқа жергілікті тұрғындар оларға 250-300 сом (3,5–4,5 доллар) төлейді. Мигранттар жұмыс берушінің үйлерінде тұрады.

Ош, Жалал-Абад және Баткен облыстарында Өзбекстаннан келген құрылысшыларды оңай табуға болады. Қазір оларды көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысында жиі кезіктіресің.

Ноокат ауданының тұрғыны Сайдулла Керимов сарайын тұрғызу үшін Өзбекстаннан бірнеше жұмысшы жалдаған. Оның айтуынша, өзбек жұмыс күші әлдеқайда арзанырақ. "Біз олардың есепке тұратынын білетінбіз, бірақ рұқсат құжаттар алу керектігін білмеппіз. Мемлекет бұл жағын түсіндіруі керек", - деді ол.

Заңға сәйкес, Өзбекстан азаматы Қырғызстанға кірген бесінші күні тіркелуі керек, әйтпесе оған 10 мың сом (шамамен 150 доллар) айыппұл салынады. Заң бұзушылық қайталанса, Өзбекстан азаматын депортациялайды.

Шетел азаматына рұқсат құжаттар бұл орынға Қырғызстан азаматы таласпаған жағдайда ғана беріледі. Рұқсатсыз жұмыс үшін 10 мың сом (шамамен 150 доллар) айыппұл салынады. Қырғызстандағы жұмыс берушіге қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе,мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454