Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2623 0 пікір 4 Ақпан, 2011 сағат 00:53

«Лукойл Оверсиз» 2010 жылы Қазақстанда 4,45 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді

Алматы. 3 ақпан. ҚазТАГ - «Лукойл Оверсиз» 2010 жылы Қазақстанда 4,45 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді, делінген компанияның ақпаратында.

«Компанияның негізгі өндіру аймағы - Қазақстандағы өндірістік бағдарлама табысты орындалды. Мұнда 4,45 млн тонна мұнай мен газ конденсаты (жоспардың орындалуы - 104%) және 2,2 млрд текше метр газ өндірілді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Құжатта айтылғандай, сұйық көмірсутекті жоспардан тыс өндіруге геологиялық - гидродинамикалық зерттеулер, көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымаларды бұрғылау, стационарлық емес суландыру, проппантты пайдалану арқылы қабатты гидрожару сияқты заманауи технологияларды тиімді пайдаланудың арқасында қол жеткізілді.

«Лукойл Оверсиз» компаниялар тобы 2010 жылы жалпы көлемі 5 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірген (Теңізді есептемегенде, «Лукойл» ААҚ-ның барлық халықаралық upstream-жобалары), газ өндіру көлемі шамамен 5,4 млрд текше метрді құрады.

«Лукойл Оверсиз» тобы  «Лукойл» ААҚ-ның вертикальды түрде интеграцияланған және Ресейден тыс жерлерде мұнай-газ кен орындарын іздеумен, сатып алумен, интеграциялаумен, тиімді игерумен айналысатын мұнай компаниясының негізгі бөлігі болып табылады.

Қазақстанда «Лукойл Оверсиз» Аташ («Аташ» компаниясы» ЖШС - 50%), Түпқараған («Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» - 50%), Құмкөл («Торғай Петролеум» БК - 50%), Қарашығанақ (Karachaganak Petroleum Operating B.V. - 15%), Арман («Арман» БК - 25%), Солтүстік бұзашы (Buzachi Operating Ltd - 25%), Қарақұдық («ҚарақұдықМұнай» ЖШС - 50%), Жамбай («Жамбай» ЖШС- 12,5%), Әлібекмола, Қожасай ( «Қазақойл Ақтөбе» БК - 25%) және т.б. кен орындарын игеруге қатысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379