Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3546 0 пікір 4 Ақпан, 2011 сағат 00:56

Атыраулық кәсіпкерлер шынайы кірістерін төмендетіп көрсетеді – салық органдары

Атырау. 3 ақпан. ҚазТАГ - Салық органдарының қызметкерлері Атырауда хронометраждық тексеру барысында кәсіпкерлердің өз декларацияларында шынайы кірістерінің көлемін төмендетіп көрсететіндерін анықтады, деп мәлім етті Атырау облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары Айгүл Рзағұлова.

«Нәтиже көрсеткендей, 11 мейрамхананың бір күнде табатын орташа кірісі 3 млн 913 мың теңгені құрады, ал олар болса бұл күні небәрі 1 млн 466 мыңды декларациялаған. Яғни өздерінің кірістерін 2 млн 447 мың теңгеге төмендетіп көрсеткен. Бутиктердің орташа тәуліктік табысы 845 мың теңгені құрады, олар 283 мың деп көрсеткен. Айырмашылық - 562 мың теңге», - деп хабарлады А. Рзағұлова.

Оның нақтылауынша,11 мейрамхана мен 7 бренділік бутикті хронометраждық зерттеу ҚР қаржы министрлігінің салық комитетінің тапсырмасымен жүргізілді. «Бұл кәсіпкерлер ұсынатын кірістің шынайылығын анықтауға мүмкіндік береді», - деді салық департаментінің өкілі.

А. Рзағұлова мұндай зерттеу ресми тексеру болып есептелмейді, сондықтан кәсіпкерлерге қатысты санкция қолданылған жоқ. Оларға алдағы уақытта декларацияда шынайы соманы көрсету туралы кеңес берілді, деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730