Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2490 0 пікір 3 Ақпан, 2011 сағат 23:19

Нұра Матай. Сайлау белгілі болды. Үміткерлер ше?

Ермұхамет Ертісбаев «Нұр Отан»партиясының алдағы құрылтайында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына түсетінін мәлімдейді деп отыр. Ал, сайлау болса сәуірдің 3-і күні өтетін болды. Сайлауға Назарбаевтан өзге қай саясаткер өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін?.. Осы сауалдың жауабын білмек ниетпен төмендегі кісілерге қоңырау шалып, мән-жайды естіп білмекке тырыстық.

Әміржан Қосанов, «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы:

-Ұжым болып ақылдасатын шаруа. Сондықтан біз біріншіден, сайлауға қатысу, қатыспау туралы мәселені талқылауымыз керек. Ол үшін біз басшылық, он алты облыстағы әріптестерімізбен ақылдасуға тиіспіз. Елдің жағдайына қарап, солардың пікіріне құлақ түруіміз шарт. Әрине, біздің партия бірегей кандидат ұсынуы керек. Ол кандидат тек қана бір партиядан емес, бүкіл демократиялық күштердің кандидаты болса құба-құп. Бірақ оны өзіміздің алқалы жиынымда шешеміз.

Хасен Қожахмет:

-Президенттік сайлауға түсемін. Мәлімдемем «Правда Казахстана» деген газетке шықты. Бағдарламамды дайындап, халыққа таратып жатырмын. «Ұлт тағдыры», «Желтоқсан қозғалысы» сияқты ұлттық ұйымдармен әңгіме жүргіздім. Әркім әртүрлі айтты. Әзірше жеке азамат ретінде түскелі отырмын. Өйткені, «Әділет», «Ауыл» деген партиялардың бәрі Назарбаевты қолдаймыз деп отыр. «Азат» партиясынан Әбілов түсетін болып отыр. Сондықтан басқа адам ұсынбайды ғой. Ал, Коммунистік партия  блог құрып түсіруге келісе ме, белгісіз,  келіссөздер жасап жатырмын.

Қазақстанда тудым. Басқ елде ешқашан тұрып көрген жоқпын. Қазақ тілін жақсы білемін. Қаржысының көлемі 4 мың доллардай деп естігенмін. Оны бірдеме ғып төлейміз. Сөйтіп, жұмыс жүріп жатыр.

Хасен Қожа-Ахметтен кейін Мұхтар Шахановқа хабарласқанымызда ол кісі дәрігерге қаралып отырғанын айтты. Ал, Жасарал Қуанышәлинге телефон соғып, сайлауға түсер, түспесін білейік деп едік ол кісі талтүсте шырт ұйқыда жатыр деді телефон тұтқасын көтерген адам..

«Ақжол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов сайлауға түспейтінін естідік. Түспейтінін өз аузынан  естіп білейік десек, көмекшісі «ол кісі сұхбат беріп жатыр», деп жолатпай қойды. Бірінші кандидатпен хабарласу әзірге мүмкін болмай тұр...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377