Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2459 0 пікір 5 Ақпан, 2011 сағат 05:56

Қазақстанның басым аумағында қар жауып, бұрқасындатып, тұман түседі – Қазгидромет

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ - Сенбі күні Қазақстан территориясының басым аумағына тұтас атмосфералық ағым ықпал етіп, сонымен байланысты  қар жауып, бұрқасындатып, тұман түседі, жел күшейеді, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Сенбі күні Астанада ала бұлтты, аздап қар жауады, батыстан 9-14 м/с жел соғып, ауа температурасы -8-10 градус болады.

Алматыда - жауын-шашын, кейде тұман түседі, 2-7 м/с жел соғып, ауа температурасы +2+4 градус болады.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстігінде Ақмола облысында аздап қар жауып, желдің екпіні 15-23 м/с болып, ауа температурасы -7-12 градус, Павлодар облысында ауа температурасы -10-15 градус болады. Қостанай облысында түнде аздап қар жауады, күндіз кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы -8-13 градус, Солтүстік Қазақстан облысында - түнде қар жауып, күндіз ауа температурасы -12-17 градус болады.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысында қар жауып, түнде бұрқасындатып, күндіз тұман түсіп, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы аймақтарда -5-10 гардус.

Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын болады, деп болжайды «Қазгидромет» РМК. Алматы мен Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанып, жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді, ауа температурасы 0+5 градус болады. Қызылорда облысында да жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанады, жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді, ауа температурасы 0-5 градус болады. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауады, күндіз жауын-шашынсыз, көктайғақ, ауа температурасы -2+3 градус.

Қазақстанның батысының барлық аумағында қар жауады деп болжануда. Маңғыстау облысында - жауын-шашын, түнде тұман түседі, көктайғақтанып, ауа температурасы 0+5 градус, Атырау облысында қар жауып, желдің екпіні 15-23 м/с, ауа температурасы 0-5 градус, Батыс Қазақстанда да қар жауады деп күтілуде, кей жерлерінде бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы -2-7 градус, Ақтөбе облысында аздап қар жауады, түнде кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы -7-12 градус болады.

Жақын күндері күшті жауын-шашын болады деп күтілуі себепті Алматы облысының жекелеген тау бөктеріндегі өзендерде су тасқыны болады деп күтілуде. Жамбыл және  Оңтүстік Қазақстан облысының тау бөктеріндегі өзен суларының деңгейі алдағы үш тәулік бойына құбылып тұрады. Жақын күндері республиканың солтүстік бөлігіндегі өзендерінде (Орал, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы режим сақталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408