Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін 12213 6 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 10:42

Аллаһтың 30 күн Ораза туралы ескертуі

Бисмиллаһи Рахмани Рахим

Ілімші үнемі Жаратушымен байланыста отырады; ілімін қабылдайды, тілдеседі. Өйткені, ілім; «Тіршіліктің өзі Алламен сөйлесу. Сенің тіршілігіңде тірі болуыңның өзі Алламен сөйлесу үшін ғана, сол үшін тірісің. Алламен ақылдасып, Алламен сөйлесіп, Алланың бергенін алып, алғанын құптап, артығына рахмет айтып, соны сырап қылмай, соны үнемдеп жүрумен ғана сен Алламен сөйлесе аласың» - деп оқытады.

Таяуда, «Бір Аллаға сиынып, кел құранды оқылық» - атты кезекті діни ілім кітабыма нүкте қойып баспаға тапсырған соң, тәубеге келіп, шүкіршілік айтып,  антына берік Алла тағаланың; «Раббыларың бұйырады; Маған дұға қылыңдар, дұғаларыңды қабыл етемін» («Ғафир», 40/60) - деген аяты бойынша Алламен ұзақ сұхбаттасудың реті келді. Бүгін сол  ілім-сұхбаттан 30 күн оразаға байланысты ескертуін екшелеп, рамазан айына байланысты жамағат назарына ұсынғанды жөн көріп отырмын.

« 06.03.2018 ж.      

...Саған адам баласының жаратылуында Алла тағалам қайта қайта неге айтады Құранда;

– Сендерді бір тамшы судан жараттық. Сендер бір мәлім уақытқа дейін өмір сүресіңдер. Ахирет болады, бәрібір сендер сол араға  келесіңдер - деп. Ал енді осы келу жолыңда, сенің жаратылысыңда, осылай жаратылғаның мәселесінде, соның бүкіл табиғи өсу жолын Алла кім арқылы берді, сүйікті пайғамбарың арқылы берді. Соңғы кітапты кім түсіндірді – сол ғана түсіндірді. Ол несімен иеленді - сенімділігімен ғана. Одан бұрын қаншама пайғамбарлар таңдалынды. Қарамағындағы қауымына әлі жетпей Аллаға не деді олар;

– Алла тағалам, бұлар мені тыңдамады, жойып тасташы - деп сұрауға дейін барды. Алла Тағала; «олардың тоқ мойындықтары үшін, пайғамбарларды өлтіргені үшін» - деп аяттарда неге айтады? Себебі ол пайғамбарлар аяғына дінді жеткізе алмады. Жеткізуге қарғыс атқандар мұрша бермеді. Ондай болса, сенің пайғамбарың осыны жеткізгендіктен Алланың сөзі Құранды, кітапта,  Нұр пайғамбар атанды. Соның шапағатымен бүгінгі күнге дейін сендер өмір сүріп жатырсаңдар. Оның шапағаты сол, Алланың аманатын орындап жатқан кезде рухының әулиелер рухымен кездесуі де  кедергісіз өтеді,  кездеседі. Жәбірейіл де Алланың аманатын жасап жатан кезде, мың жерде, сан жерде, миллион жерде тұрса да, біріне бір кедергі жасамай, бірақ сол кезде де ол сәждеде жататындығын айтады саған. Бұл – Алланың құдіреті, адамның ақылы бұған жетпейді. Бірақ, Алланың құдіреті жетеді – Алла Құддыс. Осыны қашан да біл - дейді. Бүгінгі саған тәпсірі түскен «Ғафир» сүресінде Алла саған осыны меңзеуде. Күллі мына сенің туып жатқан сұрақтарың,  неге осы сұрақ бүгінге саған сұрақ пен жауап болып келуде дегенім, бұл алып жатқаның сатылау сүресі. Сен сатыланасың. Жоғары қарай өрлейсің. Өрлеуге бұл сүренің ықпалы өте күшті. Себебі Алла тағала саған барлық сөзінде ішіңнен бір қалыпты сұрақты туғыза отырып, осы сүреде көп адам ары қарай құранға, оны оқуға, одан ары құранды ашуға, күш қуаттары жетпей қалады. Бұл да бір перде. Өзіңнің ішіңнен жаңағы пайда болған дүниенің өзі де сол себептерден болады. Мың себеппен Алла сендерді сынайды. Бірақ бір сабырлықпен ғана одан алып шыға алады. Разымысың. Қой сұрағыңды?

– Жаратушы ием, мына қояр сұрағым дұрыс па, бұрыс па, орынды ма, орынсыз ба, өзім де толық білмеймін. Біз кешеге дейін оразаны 30 күн ұстап келген елдің ұрпағымыз. Құран кітабы 30 парға бөлініп қойған. Әр күні бір парадан аударылғанда, жылда қайталанатын отыз күн оразада бүтін құранды бір рет түгел хатымдап шағады екенбіз. Бүгінге дейін бір қаріпі де өзгермеген Құран бізге осыны жеткізген. Осыны түсінген біздің халқымыз рамазан айын «30 күн ораза айы» - деп те атайды.

Соңғы жылдары біздің діни басқарма, бас муфтидің фатуасымен 30 күн оразаны бірыңғай 29 күнге ауыстырды. Бұл дәстүрге айналып кетті. Ал көрші елдер мен Құран түскен араб елдерінде 30 күн оразаны жыл сайын толық ұстайтынын көріп отырмыз.  Ертеңгі күні ахиретте; «30 күн оразаның бір күнін неге  кем тұттың?» - десе, «діни басқарма солай пәтуа шығарды»- деп біз қалай ақталамыз. Діни басқарма, не муфти бізбен бірге ахиретте жауап бермейді ғой, әр адам өз тіршілгіне өзі жеке-жеке жауап береді. «Құран 30 пара, 30 күнде 30 пара түгел оқылатын 30 күн оразаны түгел ұстауымыз керек» - деген уәжге нақтылы жауап жоқ. Бірақ мәселені анықтауда бәрі бір сол Құранға жүгінуге тура келеді. Құран – Алланың сөзі.

Екінші, жыл сайын Республика мұсыламнадары діни басқармасының пәтуасымен Рамазан айындағы ораза және намаз уақыты белгіленеді. Осы белгіленген уақытпен азан шақырылысымен ауыз ашылып, ақшам намазы оқылады. Қарап тұрсақ молда ауыз ашып, ақшам оқуға кіріскенде дала жап жарық, батыстағы күннің шапағы жарқырап тұрады. Жалпы, күннің көрініп тұрған шапағы күннің батпағандығын көрсететін  көрініс. Кешкі намаздың «Ақшам» аталуы сол күннің нұры жойылып, содан кейінгі тіршіліктің шамның жарығына ұласуына байланысты емес пе? Таңғы сәрі асынан соң; «Тәңірім, келе жатқан таңның атысы мен күннің батысы аралығында тұтар оразамызды қабыл ете гөр» - деп дұға жасаймыз. Сонда, өз дұғамызды өзіміз бұзып отырған жоқпыз ба? Молдалар «күнің батуымен таласып ауыз ашқан сауап» - деп күн толық батпай тұрып ауз аштырып жіберіп отырғанын көргенде, көпшілік алдында көзге түсіп сөз айтудың өзі ыңғайсыз...

– Он төрт ғасыр бойы Алланың дін ұстануға берген ол жайлы жіберген ілімдердің бәрінде бірінші пайғамбарларың бар екендігін дәлелдеген пайғамбардан бастап, 124 миллион әулиелердің, ілімшілердің дәлелін, соңғы ғасырда былай өзгерту дұрыс емес. 30 күндік болып  келді, 30 күндік болып ол қалуы керек. Себебі Алланың берген  қысы да, жазы да сол қалпы сақталуда. Қысы қысқарып, жазы ұзарған жоқ. Сол табиғаттың ғаламатына қарап ақ, Алланың құдіретін сезіп қана, Алланың 30 деген күні, 30 күн болып тұруы хаһ.

– 30 пара құран, 30 күн ораза, онда  да Алла белгілеген бір қасиет бар ғой.

-  30 және 33. Неге Алла тағалам «Сұбһан Аллах, Алхамдулиллаһ. Аллаһу акбар» - деп 33-тен қайталап айттырады. Себебі Жаннатта болғанда сендер сол жаста боласыңдар. Сендер екі дүниемен тығыз байланыстасыңдар. Себебі, Алла  осы кереметін жоғара жақта көрсететіндігін, осы өмірдегі көрген қиындығыңды, көрген қорлығыңды, сол жақта сый етіп қайтарып беретіндігін, осы жерде істеген күнәңның жазасын сол жақта не үшін  алатындығын айтады. Ондай болса 30 күн ораза жоғары жаққа Жаннатқа баруға, бірден бір қолыңдағы ашар кілттің бірі болып есептелінеді. 30 күн болмаса, ол бұрмаланған дүние есебінде болады. Қай ғасырда да ол белгіленген уақыт өзгермеуі керек. Ертеңгі болатын күнге өзгеріс, ертеңгі келетін ахиретке, үлкен жауапқа түскендей өзгеріс алынбайды. Алланың ерекше бір келген аянымен ғана болмаса, құдайдың рұқсатымен болмаса, онсыз да уақыттарың  тездетіп жүруде. Бірақ уақыттың жүруі күннің 30 дан 29 ға ауыстырылуына ешқандай ықпал болмауы тиіс. Кім Құранға қайшы тіпшілік етсе ол діннен шығады.

– Астапыр Алла. Фатуаны муфти шығарып тұр ғой. Муфти жұртты иманға шақырушы. Оны «діннен шықты» - деп қалай айта аламыз?

– Өзің айттың ғой. Құран Алланың сөзі. Сұра одан, дәлелі не, ғайыптан оған құран аяттары сияқты, аян түсіп пе? Оның діннен шығып кеткендігі, бүгінгі сендердің діни ұстанып жүрген күнәләріңнің артуы - деген сөз. Оның діннен шығып кеткендігін сол діни  басқармада отыран адамдар жақсы біледі. Алланың сөзімен күнә жасаған жан қандай лауазымы болса да  дінінен шығып кетеді.  Тек  ол ғана емес, жай мұсылман адам да...

–Сонда кімге сенеміз? - деген сұрақ тұрады ғой.

– Бұл жерде адамның бойында мынандай дүние туады, әулиеге сенеміз бе, паш еткен пайғамбарға сенеміз бе, ұлт сеніп жүрген  хазіретке сенеміз бе?- деулерің мүмкін. Сол себепті Алла сендерге «Аллаға ғана сен» - дейді. Құдіреті күшті құдайға сен де;

- Е, Алла, аманат еттім, - десең соның жауабын Алла саған, сол үкімет арқылы да көтере біледі, көрсете де біледі. Бірақ соны сұрайтындар бар ма? Жоқ. Сұралмай тұрған себебі не, діннің айналасындағылар өздері де әлі де дінге сіңе қоймаған деген сөз. Мүмкін діннің айналасында олар жан бағу үшін жүрген шығар, Алланы қалай көреді олар, Алла  оларға солай көрінеді. Мүмкін олар дінді бұзу мәселесінде жүрген шығар, бірақ Алла бар жағдайда өзінің дініне қорғанын қойып қойғанын білмейді олар. Сол себепті де дін ілімі бұл өзіңнің алдында қалай  көтеріліп отырған болса, бұрыннан да беріліп келе жатқан дүние. Дінді ұстануда өте терең ілімділерді ұстау керек. Өте терең ілімділер дінді ұстауы керек.

Алланың әмірінсіз дінде ештеңе айтылмайды, ештеңе жазылмайды. Сенің пікірің сен арқылы жеткен жамағатқа ескерту. Негізі ауызды ашып барып намаз оқу керек. Бірақ тамақты ішпей оқу керек. Сен егер аузыңды бекіткен күйі намаз оқыған болсаң, тәртіпті бұзасың. Азан шақырылған соң аузыңды ашасың да, аузың ашылған күйі барып намаз оқисың. Күннің батуын көзің бар көруің керек.

– Менің Меккеде көргенім, азан намазға шақыру, одан кейін дүкеншілер дүкендерін жауып, бес он минуттан кейін барып сәждеге барады. Демек, азан намаздан бес-он минут бұрын айтылады. Бізде күн батпай тұрып азан айтылысымен апыл ғұпыл сәждеге құлаймыз.

- Бұл өзекті нақты қойылған сұрақ. Онсыз да «біз қарнымыз ашып отырғанда, әрең отырғанда, соны қаншалықты күтіп отырамыз»- дейтін жандар да болар, бірақ тақуаларға қатысты дүние бұл өз жолымен орындала береді.

- Ауыз ашпай тұрып намазға баруға болмайды деген әңгімеңізді ұғындым.

– Ауызды ашқан соң ғана Ақшам оқылады. Ол әркімнің өзінің Аллаға деген көрсететін құлшылығының нұрлы жағы. Ниеті сондық ауыз ашар болғаннан кейін, азан шақырғаннан кейін күнді күтіп отырып оқыса, ол өзінің ниеті. Алла Тағалам адам баласына күш салмайды. Бірақ ауыз ашылып барып ақшам оқылуы керек екенін есте ұстаған жөн. Аузы бекітулі күйі намаз оқыса ол келесі  күнге есеп болып кетеді.

Алланың сендерге көрсеткен ғаламаттары көп, сол көп ғаламаттардың қайсысына қарсы шыға аласыңдар сендер. Жер бетінде кезіп жүргенде адамдар өздерінен бұрынғылардың тағдырлары не болғанын қалай байқамайды. Сол  бұрынғылардаң тағдырлары не болғанын қалай сендер ұқпайсыңдар. Ол адамдар сендерге қарағанда әлде қайда күш жағынан да, ақыл жағынан да, өздерінің істеген қылықтары жағынана да артық еді. Олардың жаратылысы сендерге қарағанда басқа болды, олардың ұғыну парасаттылығы да жақындау болды Алла тағалама. Неге соның өзінде де олар қарсы шықты. Олар баяғыда сол көктен келген қарғыс атқанның шырмауында қалған адамдар. Ондай болса сондай қауымдар жайылып, көп болған сайын дозақ отына баратындығы дәлел. Ал енді Алла тағала мына аятта саған;

- Неге сендер көздеріңді ашып қарамайсыңдар – десе, сендерге ол қатысы жоқ, олар солай жойылып кеткен сияқты. Олар жойылғанымен, олардың жатқан жерінде, өскен жерінде сендер жүрсіңдер ғой. Сендер солардың  дәнегі сияқтысыңдар ғой. Солар сияқты ақылдарың бар, солар сияқты ойларың бар. Бірақ сендерге Алланың өте үлкен ерекшелігі, шексіз мұғжиза, бетіңді бұрсаң аман есен, екі дүниеде сені сақтайтын құран беріп тұрғанда, сен әлі де «Мұсылман болу деген не, пайғамбар дегеніміз кім, дінді қалай ұстауға болады, неге оразаны бұлай қысқартып жатырмыз» - деген, «неге?»- деген сұрақтармен әлі де бір қарпайым ғана дүниені қабыл ала алмай жүрулеріңнің себебі неде? Себебі, әлі де сендердің бойларыңның таза еместігі. Бұдан тазалайтын тек құран ғана, Алла ғана екендігін айтты. «Мені тазалашы, көзімді ашсы» - десең, тазалайтын құдай. Бет бұрып мойындамауларыңның  арқасында сендер осы қалыпта жүрсіңдер...»

Ия, бұл Тәңірімнің «Ғафир» сүресі тәпсірінен алынған үзінді ескертуі. Сондықтан, Тіңірдің әмірімен жазылып отырған бұл ескертпе ел игілігіне жарар – қазына, өзім үшін Алламның  дидарына қауышу үшін жазылған дәнекер дүние болуын тілеймін.

Бақтыбай Айнабеков

Ілімгер-жазушы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512