Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3123 0 пікір 16 Мамыр, 2018 сағат 10:01

Тәжікстан және Беларусь президенттері әріптестік туралы 15 келісім қабылдады

Беларусь және Тәжікстан сейсенбі күні Душанбеде екі ел президенттерінің келіссөздері нәтижесінде 15 мемлекетаралық және мекемеаралық келісім қабылдады, солардың ішінде екіжақты әріптестіктің 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы да бар.

"Жол картасы" маңызды салаларда Беларусь-Тәжікстан әріптестігінің болашағын анықтайды, делінген Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарламасында. Минск пен Душанбе жалпы саны 15 құжат қабылдады, деп хабарлады шенеуніктер.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Тәжікстанға үш күндік сапармен келді. Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 16 мамырға дейін созылатын ресми сапар аясында Эмомали Рахмон мен Александр Лукашенко кездесуі өтті. Президенттер кездесу қорытындылары мен сауда-экономикалық әріптестікті артыру жөніндегі жоспарын талқылады.

Ресми мәлімет бойынша, мемлекет басшылары сауда көлемін арттырып, экномикалық әріптестікті дамытуға мүдделі екендерін білдірді. Терроризм, экстремизм, есірткі трафигі және заңсыз қару саудасымен күресте әріптестікті нығайтуға уағдаласты.

Душанбеде тәжік-беларусь бизнес-форумы өтеді. Оған Ауғанстанның іскер топ өкілдері де қатысады. Мемлекет басшылары Беларусь ұлттық көрмесінің Тәжікстандағы ашылу салтанатына, тағы басқа да шараларға қатысады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113