Қарағанды облысында 49 адам қар құрсауынан құтқарылды
Қарағанды. 7 ақпан. ҚазТАГ- Қарағанды облысында қарға қамалып қалған 2 автобус пен 4 автокөліктен 49 адам құтқарылды, деп хабарлады агенттікке облыстық ТЖД.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиғалардың бірі өткен сенбі күні сағат 17:12-де Қарқаралы ауданының аумағында Қарқаралы қаласынан 1,5шақырым жерде орын алған, бұл жерде бортында 20 жолаушысы бар MercedesBenzавтобусы, екі жеңіл көлікке мінген 6 адам қарға қамалып қалған.
Сағат 18:00-де аудандық ТЖ қызметкерлері көліктерді жолаушыларымен бірге Қарқаралыға жеткізіп салды.
Ведомствоның ақпараты бойынша, осы күні сағат 19:58-де Бұқар жырау ауданында Молодецкое ауылынан 8 шақырым жерде қарға қамалып қалған 16 жолаушысы бар Setra автобусы жол қардан тазартылғаннан кейін Шахтинск қаласына жексенбі күні сағат 00:23-те ғана жете алды.
Сондай-ақ, сенбі күні Жаңаарқа ауданында Атасу елді мекенінен 40 шақырым жерде тұрып қалған Lexus LX-300 көлігімен Қарағандыға бет алған 2 адам, Шет ауданының Просторное ауылынан 30 шақырым жерде қарға батып қалған «Жигули» көлігіндегі 4 адам құтқарылды.