Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2619 0 пікір 7 Ақпан, 2011 сағат 05:05

Елбасы өзін нағыз саясаткер ретінде көрсете білді - Ә.Масалимов, БҚО

ОРАЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөнінде шешім қабылдап, өзін нағыз саясаткер ретінде көрсете білді.

Бұл туралы БҚО балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Әли Масалимов мәлім етті.

Оның пікірінше, Елбасы қиын да күрделі жағдайда демократияға адалдығын танытты. Әлем назары басшылары халқын демократиялық жолға түсірмеген бірқатар елдерге ауып отырған қазіргі мезгілде Қазақстан Президенті тұйықтан шыға білді. Батыс елдері тарапынан Қазақстан халқының басым көпшілігі Елбасы өкілеттігін ұзарту мақсатында референдум өткізуді ұйғарғаны үшін сынға ұшыраған еді. Елбасы осының бәрін салмақтай отырып, бірден-бір дұрыс шешімге келді. «Ол өзінің өкілеттік мерзімін екі жылға қысқартып, 2011 жылы сайлау өткізу қадамына барды. Бұл сайлауда да қазіргі Елбасымыз басым дауыс алатынына сенімдімін», деді Ә.Масалимов.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2671
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4364