Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 6611 4 пікір 19 Мамыр, 2018 сағат 15:30

Карл Юнг: Маған жаны сау адамды көрсетіңдерші, мен сендерге оны емдеп берейін

 

1. Кетем дегенді ұстама. Әйтпесе, саған келем деген жете алмас.

2. Өзгенің бойындағы жақпайтын қылықтардың бәрі өзіңді тануға жетелейді.

3. Егер сіз дарынды адам болсаңыз, елден ерек бірдеңе алдым дей алмайсыз. Бұл дегеніңіз берешегіңіз бар деген сөзді ғана білдіреді.

4. Екі тұлғаның кездесуі екі химиялық элементтің араласуы сынды: аздаған реакция болса, екі элемент те өзгереді.

5. Баланың мойнына жүктелетін ең ауыр жүк: ата-анасының сүрмеген өмірі.

6. Өзгенің бойындағы ұнамаған қылықтардың бәрі өзімізді түсінуге көмектеседі.

7. Жүрегіңнің түбіне үңіле білсең ғана, қырағы бола аласың. Сыртына қараған адам – тек түс көреді, ішіне үңілген – оянады.

8. Жалғыздық айналаңда адам жоқтықтан емес, адамдармен саған маңызды көрінер нәрселер туралы сөйлесе алмайтындығың, не сенің көзқарасыңның өзгелер үшін мүмкін еместігімен түсіндіріледі.

9. Маған жаны сау адамды көрсетіңдерші, мен сендерге оны емдеп берейін.

10. Біз кейінге, ата-анамызға тартыламыз және келешекке, балаларымызға ұмтыламыз, оны ешқашан көрмейтін болсақ та, оның қамын жейміз.

11. Сен қарсыласқан дүние сол қалпы тұра береді.

12. Күйзеліс қара жамылған әйел сияқты. Егер ол келсе, қуып жіберме, дастарқанға шақырып, алдына асыңды қой, не дейтінін тыңда.

13. Кейде санаң жетпеген жұмбақты қолдарың шешеді.

14. Түс көру — ұқыпты түрде жасырылған есік, ол есіктің артында адам жаны өзі пайда болмай тұрған кездегі ғаламдық түннің түндігін жасырған.

15. Өз құмарлығының тозағынан өтпеген адам оларды жеңе алмас.

16. Өз жаныңның тереңіне үңіле алған кезде ғана көңіл көзің қырағылана түседі.

17. Мен – менімен болған жағдай емеспін, мен – кім болуымды шеше білген жанмын.

18. Өзімізді толық бақылауда ұстай аламыз деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ дос деген біз туралы тіпті түсімізге де кірмеген шындықты айтып бере алады.

19. «Сыйқырлы» — психиканы білдіретін балама сөз.

20. Біздің жанымыз қоршаған әлемнің бір бөлшегі, сондықтан оның да құпиясы шексіз.

Карл Густав Юнг (1875- 1961) - швейцарлық психолог және психиатр.

Дереккөзі: kk.wikipedia.org

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3611