Телеарна жүргізушілері тауарға айналаған ба?
Қазір барлық телеарналарда жаңалықтар мен таңғы бағдарламалардың, т.б. телехабарлардың тұрақты жүргізушілерін қайта-қайта жарнамалайтын бір қызық әдет табылғанына өз басым түсінбедім.
Онсыз да телеэкранның алдын бермейтін бұл жүргізушілерді әртүрлі қырларынан жиі-жиі жарнамалау – кімге және неге керек болды екен?
Әлде хабар жүргізушілер – сатуға қоятын тауарға айнала бастағаны ма? Әлде бұл шектен шыққан даңғазалық па?
Онсыз да қазақ көрермендерінің жүрегін айнытатын, кезінде Қоянбаев әбден ығыр еткен «Түнгі студияны» соңғы кезде жүргізіп жүрген ана бір сайқымазақты, сосын қаптаған қабатовтарды жиі-жиі ыржаңдатып жарналамалай беру – көрерменді әбден ығыр еткенін несіне жасырайық.
Сапасы, тәрбиелік мән-мазұмыны ешқандай сын көтермейтін телеарна қызметкерлерінің өздері түсіретін қаптаған телесериялдар, оларда ойнайтын қаптаған актерлер мен актриссалар, фонограммамен өтірік ән салатын жер қайсқан әншысымақтар – қазақты әбден шаршатты, ығыр етті...
Ашығын айтқанда, телеарналар не болып бара жатыр өзі? Бірдеңені ұғудан, түсінуден қалдық...
Сәлеммен, байырғы тележурналист
Жұмаш Кенебай (Көкбөрі)
Abai.kz