Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2380 0 пікір 9 Ақпан, 2011 сағат 09:31

Мәжілісмен Тұрсынов түлектері өз елінде жұмысқа тұра алмайтын «Болашақ» бағдарламасының қажеттігіне күмән келтірді

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Мажілісмен Сағынбек Тұрсынов«Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында ол көптеген қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде керемет білім алып, оқуын аяқтаған соң жұмыс таба алмайтынын атап көрсетті.

«Құрметті, Кәрім Қажымқанұлы, (...) «Болашақ» бағдарламасының керемет табыстарға қол жеткізген түлектерін жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік органдарға тапсырма берілсе, жақсы болар еді», - деді С. Тұрсынов сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

«Бағдарлама 1994 жылы қолға алынды, қазір ол бойынша 2 788 бала оқып шықты, кейбіреулері елімізде жұмысқа тұра алмағандықтан, шетелде қалып қойды. Балаларымызды жұмысқа тұрғыза алмасақ, оларды оқытудың қажеті қанша? Мұндай бағдарламаны жүзеге асырып не бар? Неліктен еліміздің басшылығы оларға жұмыс таба алмайды? Бұл бағдарламаны алдағы уақытта жалғастыру қажет пе? деген сұрақтар туындайды. Халық қалаулысы өз сауалында үкімет басшысынан осы сауалдарға жауап беруді сұрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475