Медведев Ресейде қысқы уақытқа көшу болмайтындығын жариялады
Алматы. 9 ақпан. ҚазТАГ - РФ президенті Дмитрий Медведев Ресей территориясында қысқы және жазғы уақытқа көшу болмайтындығын жариялады, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар.
Атап айтқанда, Ресей басшысы, 2011-ші жылы күзде бір сағат артқа, қысқы уақытқа көшу болмайтындығын жариялады. Ресей президенті бұл шешімін 2010-шы жылғы ғылым мен инновация саласындағы президент сыйлығының лауреаттары және жас ғалымдарымен кездесуінде мәлім етті.
Президенттің пайымдауынша, сағат тілін ауыстыруға бейімделу стресс пен әр түрлі аурулар тудырады
Ресей БАҚ-тары 2010-шы жылы қазанда РФ мемлекеттік думасына қысқы және жазғы уақытқа аусыды алып тастау туралы заң жобасы енгізілгенін еске салады. Оның авторлары ЛДПР депутаттары болды. 2011-ші жылдың басында мемлекеттік думаға осындай заң жобасын «Единая Россия» партиясы да ұсынбақшы болған.
Ресей соңғы 30 жыл бойына жазғы және қысқы уақытқа көшіп отырған. Қазан айындағы соңғы жексенбіде 3:00-де сағат тілі бір сағатқа артқа, ал наурыздың соңғы жексенбісінде бір сағатқа алдыға жылжытылатын. Сағатты маусымдық уақытқа көшіру электр экономиясын қамтамасыз етеді деп есептелген.
Қазақстанда «жазғы уақытқа» көшу 2005-ші жылы алынып тасталған. Сонымен қатар сағаттық белдеулер саны азайтылып, бұрынғы үш сағаттың орнына екі сағат қана қалған.