Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2438 0 пікір 9 Ақпан, 2011 сағат 23:41

Аманғазы Кәріпжанұлы. Сенім сергелдеңі

Дінге де, ілімге де ұқсайтын ағымдардың көшбасшылары Конфуций, Лао Цзылармен бағыттас болмаса да, деңгейлес болған Тұран жерінің тарихи тұлғаларын да кейінгі діндердің ықпалы жойғанға ұқсайды. Еуропа пәлсапаның түп-тамырын Үндіқытайдан алды десек те, жүйелі көзқарас болмағандықтан, ілімнің басын грекиялық Пифагордан бастайды. Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Тұран жері де әр дәуірдегі өркениетті патшалықтардың отаны болғандықтан, небір ілімнен қағаберіс қалмаған шығар.

Дінге де, ілімге де ұқсайтын ағымдардың көшбасшылары Конфуций, Лао Цзылармен бағыттас болмаса да, деңгейлес болған Тұран жерінің тарихи тұлғаларын да кейінгі діндердің ықпалы жойғанға ұқсайды. Еуропа пәлсапаның түп-тамырын Үндіқытайдан алды десек те, жүйелі көзқарас болмағандықтан, ілімнің басын грекиялық Пифагордан бастайды. Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Тұран жері де әр дәуірдегі өркениетті патшалықтардың отаны болғандықтан, небір ілімнен қағаберіс қалмаған шығар.

Қазіргі Қазақстан аумағын­да да берісі жүздеген діннің өмір сүргендігіне күмән жоқ. Әр діннің руханиятымызға қоныс­тануы өзіне дейінгі діндерді жою арқылы жүзеге асады. Басы уағыздан басталып, аяғы қанқұйлы соғысқа ұласады. Біздің жыл санауымызға дейінгі дәуір­лерде қандай діндердің үстемдік құрғандығынан толық мағлұмат беретін деректер де жеткіліксіз. Христиан, Буд­да,Тәңіршілік, Зороастризм дінде­рінің біздің жеріміз­дегі азды-көп ықпалы әр дәуір­дегі саяси жағдайларға байланыс­ты. Ал тарихымызға терең тамыр жайып, толыққанды этно­сымызға айналғаны - шаман және ислам діндері. «Шың­ғыс ­хан» фильмін­дегі наймандар мен керейлер табынған христиан дінінің несториан тармағын да билік төңірегіндегілер ғана қабыл­даған сияқты. Мұны 11-14 ғасырлардағы тастағы несториан таңбалары ғана анық­тайтын көрінеді. Қазақ­станға ат ізін салған діндердің барлығы да сол діндерді қабыл­дауға дейінгі халқымыздың руханиятына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сырт елдерден келген. Ал әр дәуірде бұл өлкенің өз топырағында түлеп қалыптасқан белгілі бір дәстүрлі сенімді қанаттанды­рып, дін деңгейіне дейін кө­теруге жаугершілік кезеңдер мүмкіндік бермеген. Кең өлкеде шашырап жатқан аз көшпелі халыққа өзіне тән дін қалып­тастыратындай ұзақ уақытты қамтитын тұрақты да қуатты қоғамдық жүйе де болмаған. Өз санасында ұзақ жасаған сенімі бар қай халық болса да шеттен келген дінге зорлықсыз бой-сұнбайды. Аз халық ғасырлар бойы қасірет көріп, қарсы тұруға дәрмені болмағандықтан ғана шетелдік діндердің құ­зырына кіруге мәжбүр болады. Мұндайда жерімізде ғасырлар бойы ұрпақтың санасын жау­лаған рухани империя үстемдік етеді.Уағызға сенбеген дана, даныш­пандардың көзін жойып, дін төңірегіне әуелде азды-көп жағдай жасау арқылы мұқтаж­дарды, міскіндерді, сондай ақ, ақылы аздау қара күштің иелерін жинап, елді бөлшектеу арқылы да дін келген. Бүгін де бұрынғы сахабалардың бұл тарихи тәжірибесін тағы бір «саха­басы­мақтар» жалғас­тырып, Кришна, Лютерандық, Иегова, Саентология, Благодатъ, Единство, Ахмадия қозғалысы, Ақ жол, Ата жолы және басқа да дәстүрлі емес ағым­дар жерлестер сана­сын­дағы өрісін кеңейтпек.

Ширек ғасырда қырық пайызға дейін өскен қазақ­стандық діндарлар ауқы­мының жетпіс үш пайызы ислам­ға, жиырма екі пайызы православие дініне сенеді. Жергілікті халық­тың бөгде дінді қабылда­ғандарға қарсы нара­зы­лығын сол діннің иелері құдайдың ақ жолындағыларға қысым көрсе­туде деп қабыл­дап, өз мем­ле­кеті тарапынан соғыс жариялап отырған. Со­ның бір дәлелі - Ортағасырдағы араб халифа­тының жорықтары.

Социалистік жүйе экономикамызды толықтай отарлап, тілімізді тежеу арқылы рухания­тымызды құлдыратты. Ал діннің руханиятымызды мүлде өзге­ріске ұшыратып қана қоймай, мемлекетімізді талан-таражға салатын өте қауіпті құбылыс екенін түсінетін де кез жетті. Өйткені дін әуелде қантөгіспен келіп, бабалардың қасіретіне жолықса, кейін ата дінін ұмытып, жаңаны бойға сіңіре түлеген ұрпақтың оптимистік қанатына айналды. Ал қазіргі Қазақстан сол исламның әбден құлдырап, ағымдарға бөлшек­теніп, сендіруден қалып бара жатқан кезеңінде өмір сүріп отыр. Бұл бөлшектену елді қоса бөлшектеп, тәуелсіздігіміздің нығая түсуіне кері әсерін тигізері сөзсіз.

Менің пікірімді атеизммен шатастыруға болмайды. Өйткені адам мен табиғат өзін-өзі жаратпа­ған­дықтан, жара­тылыстың сыртында немесе жаратылыспен тұтасып жатқан бір құдіретті күштің, яки жара­тушының барын жоққа шығара алмаймыз. Сол сияқты мен Желтоқсан шырғалаңынан соң, университетке қайта қабыл­данған 1988-92 жылдардың өліара кезеңі бізге ғылыми атеизмді де, дінді де оқытқан жоқ.

Жерімізге Қытай ықпалын күшейте түскен екі мыңжылдықтың алдындағы Хан патшалығын есепке алмағанда тілі, ділінен, мемлекеттігінен айырылып, империяға біріккен тайпалардың «қазақ» деген ортақ атауын да сақ, қайсақ, т.б. тіркестермен дәлелдеп келеміз.

Ал «қазақ» атауы ислам діні кеңірек етек жайғанда қалыптасты. Кей мамандар «ғазы» деген сөзді ислам дінін таратушы жауынгер деген пікір айтады. «Ғазы ақ», «Қазы ақ» тіркестері «қазақ» сөзінің пайда болуына әлдеқайда жақынырақ келеді. Жерімізде ықпалы әлсі­рей бастаған Шыңғыс ұрпақ­тарының да едәуір бөлігі бара-бара исламға бойсұнған сияқты. Кезінде Керей, Жәнібек хандардың қазақ мемлекетін құруға атсалысқандығы да - осының бір дәлелі.

Аумағымыздағы ислам дінін қабылдағандардың бар­лығы «қазақ» атауына ие болса, дінді қабылдамаған ұлыстар мен тайпалардың жалпы атауы әуелде «қалмақ» деп аталса керек. Әрқилы саяси жағдайларға байланысты тектік сипатымызда парсының да, қытайдың да моңғолдың да, арабтың да, орыстың да қолтаңбасы қал­ғандығын тарих жоққа шығар­майды.

Бірақ көне аңыз-жырлардың бәрінде де қазақ-қалмақ соғысы ғана баяндалады. Осыдан-ақ екеуінің де дін арқылы бөлінген этносы бір, жерлес-ағайынды халықтар екендігін дәлелдеуге болады. Мұндай жағдайды діні бөлек болғанмен, этнографиялық белгілері ұқсас еврей мен арабтың, қытай мен дүнгеннің, тіпті қытайға барған бір сапарымда мұсылман қырғыз, қалмақ қырғыз деп аталған бір ұлттың арасынан да аңғардық. Мұндайда еврей мен арабтың Ибраһим пайғамбардың екі әйелінен туған ағайынды Ысқақ пен Ысмайылдың ұрпақтары екенін ескерткен жөн.

Аталған екі ұлт та баласын сүндетке отырғызады. Екеуі де шошқа­ның етін жемейді. Тіпті киім киісі, басқа да салт дәстүр­лерінде ұқсастық жеткілікті.

 

Дін ділден гөрі,тілді ойсыратады

Қазіргі құрама түркі тілі кезінде араб тілімен шұбарланса да діліміз бен этнографиямыздың белгілері сақталып қала берді. Орыс тілі мен батыстық кірме сөздерден аражігімізді ажыратып ала алмай жатып, кейбір зиялыларымыз әл-Анауи, әл-Мынауи деп аты-жөндерін де өзгерте бастады. Мұның өзі заманның ықпа­лы қай кезде қалай болса соған ілесе кететін деңгейіміздің шегін көрсетеді.

Кең тараған діндердің өзі белгілі бір дәуірде пісіп-жетіліп, тамырынан шіри бастайды да ыдырау сатысына жетеді. Ой-санаға ықпалы азайып, ұрпақты сендіре алмайтын күй кешеді. Мұның алғашқы белгілерін ертеңгіні қалайда өзіне сендіру үшін пайда болған жекелеген ағымдар мен секталардың сандырағы дәлелдейді. Бірі латын, бірі грек тілінде «жалпыға ортақ» деген мағынаны білдіретін католик пен право­славиенің арасындағы шие­леніс дәл қазіргі өз ішінен бөліне бастаған исламда одан бетер күшейе түсуде. Православие батыс, шығыс т.б. деп бөлінсе, католикке қарсы про­тестанттардың шығуы, сосын лютеран, кальвинизм, англикан, одан әрі «Жетінші күн адвентистері», «баптистер», «пятидесятниктер», «пресвите­риан­дықтар» деп, жалпы хрис­тианның тар­мақталуы жалғаса берді. Исламның айтулы жетпіс үш тармағының бәрі де қазақ жерінен табылатын шығар. Оның үстіне, аумақтық ерек­шеліктерімізге байланыс­ты ислам шарттарымен қойырт­пақталған құрама ағымдар да баршылық. Адам санасында бейнеленіп, үнемі өзгерісте, үнемі қозғалыста болатын заттар мен құбылыс­тардың бәрі де даму мен құлдыраулардың жиын­тығынан тұратындығы сияқты, бір жаратушы адамға арнап жібер­гендіктен, діни догма да мәңгілік өмір сүрмейді. Біздің дәле­лімізше, әр діннің пәрменділігі орта есеппен үш мың жылды шамалайтын шы­ғар. Ал ыдыраудың алғышарты секталар мен өзгеріске ұшыра­ған ағымдардың жаңа­шыл бағыт­­тарынан байқалады.

Діннің ұлтты бөлшектеуі жекелеген әулеттерді бөлшек­теу­ден басталады. Оның бір көрі­нісі - менің өз таныс, туысқанда­рымның арасында төрт-бес түрлі сектаның пайда болуы. Немере, шөбере ағай­ында­рымның бір тобы мұрты жоқ, ұзын сақал­ды­лар­дың қатарына тұтастай еніп кетсе, бір жиен­дерім Исматулла қари бастаған зікіршілер қатарында жүр.

Енді бір құдашамыз Хизбут Таһрир тобын мақтап, олардан сабақ алып жүргендігін айтса, тағы біреулері «Ақ жол», «Ата жолы» сияқты топтарға ілесіп, «бес ата» немесе «жеті атаның» басына барып, «аруақпен тілдесу­де». Олар зираттардың басында бақсыларша секіріп жүріп, ұйқассыз өлеңмен сенің өткеніңді баяндап, болашағың­ды «болжайды».

Қабірде жатқан ұлы тұлға­лардың атынан сөйлегесін, солардың деңгейін байқатса жарар еді. Керісінше, ауыздарына не келсе, соны айтып, шын әруақтың абыройын қорлайды. Өздерін ақ ұл, аққулар, сұңқарлар, т.б. атаулармен таныстырады. Ал Хизбут Таһрирды мақтаған бойжеткен оған қоса бұл топ мүшелерінің жазаланып жатқандығын, жазаланған сайын сауап жинап, қуана түсетін­дігін ескертті. Исматулла қаридың Мамыр ықшамауда­нына жақын ордасына жолым түсіп, қаридың өзін де көрдім. Нарынбай тақсырдың қолынан шай ішіп, жиендерімнің арқа­сында жылы ықыласқа бөлендім.

Жеке бастары жылы жүзді, қонақжай болғанымен, олардың ұстанған бағытта­рының қанша­лықты дұрысты­ғын Құдай ғана біледі.Қожа Ахмет Яссауи өлеңдерін әнге салып, зікір дәстүрін аспандатып жүргендердің ішінен өзім жеті жылдай еңбек еткен «Қазақ­стан» арнасының бір топ журна­листерін де кездестірдім. Жұмыста жүргенде олардың ішіндегі бір жігіттердің менімен дін туралы пікірлесуі жиілеп кетіп еді, пікірім жараспаған­дықтан, менің жұмыстан себепсіз шығып кетуіме де осы жағдай себепкер болған шығар. Бұрын да қолды болған автор­лық бағдарламаларым сияқты, бұл жолы да Қазақстанның барлық жер-су аттарына арналған авторлық бағдарла­мамның аты өзгерсе де, формасы мен заты өзгермей, көк аттының қанжығасында кете барды.

Бәрін айт та, бірін айт, өнердегі бір әріптесім исламды әшкерелей келе, Иса пайғам­барға сиынатындығын айтса, саясаттағы бір әріптесім де исламның үлкен қауіп-қатер әкеле жатқандығын айта келе, өзінің Тәңіршілік дініне табына­тындығын ескертті. Тәңіршілік көне қытайша ұлылық, биіктікті мегзесе, сол «биіктей» бол­мағанымен, ұқсап бағушылар күн санап көбейіп келеді.

Менің ойымша, пікірі жарас­паған адамның, бір анадан туса да, шын туыстай болуы неғайбыл. Бұлардың көпшілігі бұрынғы судай тұнық мінезі мен жылы қарым-қатынасынан жұрдай болған. Кездесе қалып, әңгімеміз жараспай бара жатса, арамызда жанжалдың да ұшқыны шашырай бастайды.

Нәубет кезінде ешбір ағымға бөлінбей, әуелде тату өмір сүріп жатқан ағайындылар бірін-бірі ұстап бергенде, сондай зобалаң тағы туа қалса, ағым­дағылардың бір-біріне не істеп, не қоятындығын елестету де қорқынышты.

Қазірдің өзінде-ақ кейбір сектадағылардың істеген ісі мен қылығынан атышулы экс­тре­мизмнің, тіпті терроризмнің де салқыны еседі.

Діни іріткінің басы ағай­ын­дыларды бөлшектеуден бас­талса, аяғы ұлтты бөлшек­теп, жаңа ұлттар қалыптас­тырумен аяқта­лады. Қазіргі жастар арасында етек алған панисламизм Ахмет Байтұрсын­ұлының тағ­ды­рын шешкен панисламизмнен әлде­қайда қауіпті.

(Жалғасы бар)

Аманғазы

КӘРІПЖАНҰЛЫ,

Ақын

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 05 (88) 09 ақпан 2011жыл .

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502